АХҚО қаржы технологияларын дамыту бойынша Amazon Web Services-пен ынтымақтасатын болады
Астана халықаралық қаржылық орталығы (АХҚО) финтех экожүйесін дамыту және Қазақстандағы инновациялық жобаларды қолдау аясында Amazon Web Services (AWS)-пен ынтымақтасатын болады. АХҚО іріктеп алған барлық стартап жобалар AWS Activate бағдарламасына қатысуға бірегей мүмкіндік алады. Бұл бағдарлама жас компанияларды қолдап, «бұлттық» ресурстарға ақысыз қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Стартаптар, сондай-ақ бизнесті дамытуға арналған Amazon Web Services қызметтері мен технологиялық инфрақұрылымын пайдалана алады. Олар кез келген инфрақұрылыммен күрделі және интеллектуалды қолданбалы бағдарламаларды жасай алады, үлкен көлемдегі деректерді жылдам жинап, өңдей алады, құпия деректерді қорғайды және қолданбалы бағдарламарды сенімді әрі дұрыс түрде «бұлтқа» қосады. Dropbox, Pinterest, Spotify, Airbnb, Lyft және Slack өз бизнестерінің қарқынды өсуін қамтамасыз ету үшін AWS қуатын пайдаланатын әлемдегі ең танымал стартап жобалар.
АХҚО цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жиенбаева: «Amazon Web Services компаниясымен жұмыс істеу арқылы АХҚО қазақстандық стартаптарға жобаларды жаңа технологиялық деңгейде дамытуға мүмкіндік береді. Қазіргі заманда «бұлтты» технологиялар әр түрлі салаларда кеңінен таралуда. AWS сервистерін Fintech Innovation Day, AIFC Fintechstars (хакатон) және «Акселерациялық бағдарламасы» жеңімпаздарын қоса алғанда АХҚО таңдаған стартаптар пайдалана алады», – деп атап өтті.
АХҚО тарапынан іріктелген әр стартап, 2 жыл мерзімге AWS Promotion Credit, 1 жылға AWS Business Support, сондай-ақ AWS Technical and Business Essentials (кәсіптік тренингке) тегін қолжетімділігіне және Self-Paced Labs арналған несиеге ие болады.
AWS Activate https://aws.amazon.com/activate/ сілтемесі бойыша бағдарлама туралы толық ақпарат алуға және сервистердің сипаттамасын табуға болады.
Сұраулар:
АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.
АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.