АХҚО қатысушыларын тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізілді
«Астана» халықаралық қаржы орталығы АХҚО қатысушыларын тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізді.
Аталған өзгерістерді «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметті және олармен байланысты қызметтерді реттейтін, сонымен қатар Орталықтағы заңды тұрғаларды тіркейтін, лицензияны рәсімдейтін және аккредитациядан өткізетін АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылатын АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (АФСА) ұсынды.
АХҚО актілеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес коммерциялық лицензия және соған қатысты алымдар мен процедуралар жоққа шығарылады. Сонымен қатар, тіркеу және аккредиттеу рәсімі үшін біржолғы ақы енгізіледі. Бұған дейін АХҚО қатысушылары коммерциялық лицензияны алып және оны ұзарту үшін жыл сайын 100 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленген соманы төлеуге тиіс болды. Қазір болса, тіркеуден өтуге немесе аккредитация алуға ниет білдірген өтініш беруші (компания, серіктестік немесе коммерциялық емес ұйым) 300 АҚШ доллары мөлшерінде біржолғы ақы төлеуге міндетті.
2018 жылдың 5 шілдесінен бастап 2019 жылдың 5 шілдесіне дейін тіркелген немесе аккредиттелген қатысушылар тіркеуі немесе аккредиттеу күнінен бастап 12 ай ішінде 100 АҚШ доллары мөлшерінде біржолғы төлем жасауы керек. 2019 жылдың 5 шілдесінен бастап 2020 жылдың 5 шілдесіне дейін тіркелген немесе аккредиттелген қатысушылар үшін біржолғы төленетін төлем 300 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленеді. Өтінім берушілер өтыныш тапсырылған күні 200 АҚШ доллары көлемінде төлем жасап, қалған 100 АҚШ доллары сомасын тіркеуі немесе аккредиттеу күнінен бастап 12 ай ішінде төлеуге мүмкіндік алады.
Енгізілген өзгерістер, сондай-ақ, жаңа әкімшілік алымдарды көздейді: тіркеуден кейінгі процедуралар үшін 50 АҚШ доллары көлемінде және сұранымдарды өңдеу үшін 20 АҚШ доллары көлемінде төлемдер енгізіледі.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Орталық 2015 жылғы желтоқсан айында қабылданған «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға сәйкес қызмет етеді. АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.
www.aifc.kz
АФСА АХҚО тәуелсіз реттеушісі, «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметті және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA қаржы компаниялар мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау, және қадағалау секілді АХҚО қызметтерін реттейді.
www.afsa.kz