АХҚО биржасындағы KAP.Y жаһандық депозитарлық қолхаттарының сауда көлемі екі еселенді
“Астана” халықаралық қаржы орталығының биржасы (АХҚО биржасы, AIX) 2019 жылдың 1-28 ақпан аралығындағы кезеңдегі сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады.
Көрсетілген уақыт ішінде “Қазатомөнеркәсіп” АҚ-ның жаһандық депозитарлық қолхаттары (ЖДҚ-KAP.Y) 632,6 мың АҚШ долларын құрады, бұл 2019 жылғы қаңтарға қарағанда 100% – ға көп. “Қазатомөнеркәсіп” (KAP) қарапайым акциялары бойынша айналым 714 млн 090 мың теңгені құрады, бұл қаңтар айының ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13%-ға аз. AIX-те “Қазатомөнеркәсіптің” акциялары мен қолхаттары сауда-саттығының орташа айлық көлемі 2,5 млн доллардан асады.
“Бұл AIX эмитенттерге әкелуі мүмкін өтімділікті көрсететін жақсы сандар, – деп атап өтті АХҚО Басқарма Төрағасы Тим Беннетт. – Алайда тағы да бір маңызды көрсеткіш – ақпан айында акциялар үшін 50%-ды және ЖДҚ үшін 95%-ды құраған бағалы қағаздардың айналымдылық коэффициенті, ол ақпанда акциялар үшін 50% және ЖДҚ үшін 95% құрады, бұл шекаралас нарықтар үшін жоғары деңгей және үміт беретін белгі болып табылады.
Сауда-саттыққа шолу
Бағалы қағаз | Айдың қорытындысы бойынша мәмілелер саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, %
|
Айдың қорытындысы бойынша мәмілелер көлемі | Өткен айға қатысты өзгеріс, %
|
Айдың қорытындысы бойынша сатылатын акциялардың саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, %
|
2019 жылғы мәмілелердің жалпы саны | 2019 жылғы мәмілелердің жалпы көлемі |
KAP | 682 | 6.96% | KZT 714,090,325 | -13.67% | 139,093 | -15.08% | 1,415 | KZT 1,541,209,875 |
KAP.Y | 40 | 29.03% | USD 632,583.23 | 99.76% | 45,879 | 94.83% | 71 | USD 949,255.71 |
Сұраулар:
AIX. АХҚО биржасы 2017 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. 2018 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы саудасын ашты. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ болып табылады. www.aix.kz
АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Астана” халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz