АХҚО әкімшілігінде директорлар кеңесінің құрамы жаңартылды
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 23 тамыздағы бұйрығына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы жаңартылды.
Төмендегі тұлғалар АХҚО әкімшілігі директорлар кеңесінің мүшелері болып сайланды:
— Темірбеков Дәурен Оденұлы (ҚР Қаржы вице-министрі) – директорлар кеңесінің мүшесі,
— Жанәділ Ернар Бейсенұлы («Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасы) – директорлар кеңесінің мүшесі,
— Тимоти Оливер Беннет (AIX директорлар кеңесінің төрағасы) – директорлар кеңесінің мүшесі,
— Хусаинов Ғалым Әбілжанұлы («Банк ЦентрКредит» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы, қаржы және экономика саласындағы тәуелсіз сарапшы) – тәуелсіз директор,
— Жұмашев Сәкен Нармұхамедұлы (KPMG ССА басқарушы серіктесі & CEO) – тәуелсіз директор.
Директорлар кеңесінің мүшелері Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеевтің және Антонио Риераның өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров: «АХҚО әкімшілігі директорлар кеңесінің жаңа мүшелері АХҚО қызметінің стратегиялық бағыттарына сәйкес қаржы орталығын одан әрі дамытуға өз үлестерін қосатынына сенімдімін».
АХҚО 5-6 қыркүйек күндері Astana Finance Days 2024 жыл сайынғы халықаралық конференциясын өткізетінін еске саламыз. 2018 жылдан бері AFD конференциясы қаржы саласының жетекші сарапшыларын, инвесторларды және бизнес көшбасшыларды біріктіретін алаң ретінде қызмет етеді. Конференцияға https://astanafindays.org/ru/registration/ сілтемесі бойынша тіркелуге болады.
Анықтама үшін:
Дәурен Темірбеков, ҚР Қаржы вице-министрі
Білімі
«Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Шеффилд университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы
Еңбек жолын 2007 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің маманы болып бастаған.
2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде жұмыс істеді.
2009-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аппаратында түрлі лауазымдарда, сарапшыдан директордың орынбасары лауазымына дейін қызмет атқарды.
2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінде басшылық лауазымда болды.
2022 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды.
Тимоти Беннетт, AIX директорлар кеңесінің төрағасы
Білімі
Королева Виктория университетін «Коммерция және әкімшілендіру бакалавры» біліктілігі бойынша (Жаңа Зеландия, 1987), Пенсильвания университетінің жанындағы Уортон бизнес мектебін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» біліктілігі бойынша (АҚШ, 1993) тәмамдаған.
Еңбек жолы
Тимоти Беннетт AIX (Astana International Exchange) директорлар кеңесінің төрағасы. Ол 2018 жылы AIX-ті іске қосуда шешуші рөл атқарды және 2021 жылға дейін басқарма төрағасы лауазымын атқарды.
AIX-ке келгенге дейін Тимоти Беннетт NZX Жаңа Зеландия биржасын басқарды. Оның басшылығымен NZX айтарлықтай ұйымдастырушылық және нормативтік өзгерістерден өтті, соның ішінде сауда және есеп айырысу жүйелері жаңартылды және NZX Funds Management арқылы 23 ETF іске қосылды.
Беннеттің сонымен қатар консалтинг саласында айтарлықтай тәжірибесі бар, бұрын Oliver Wyman мен Boston Consulting Group-тың Азиядағы серіктесі болып жұмыс істеген, онда ол қаржылық қызметтерге маманданып, ірі қаржы институттары мен басқа да клиенттер үшін стратегия және басқару жөнінде консультациялар берумен айналысты.
Ернар Жанәділ, «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасы
Білімі
Колумбия университетінің (АҚШ) Колумбия бизнес мектебінде EMBA бағдарламасынан өткен, Лондон бизнес мектебін (Ұлыбритания) бітірген.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша Манчестер бизнес мектебін (Ұлыбритания) тәмамдаған.
CMA, IPMA, ACCA сертификаттарын иеленген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолы
Ернар Жанәділ – стратегиялық және бизнес-жоспарлау, бизнесті және инвестицияларды (тікелей және портфельдік) дамыту, активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау, қаржылық менеджмент пен өтімділікті басқару, аудит салаларында 17 жылдан астам тәжірибесі бар білікті басшы әрі кәсіби маман.
Бірқатар қазақстандық және шетелдік компанияларда жұмыс істеді, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорында түрлі лауазымдар атқарды. «Самұрық-Қазына» қорында экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор – басқарма мүшесі лауазымында қаржылық тұрақтылықты жақсарту және Қор тобына кіретін компаниялардың борыштық жүктемесін төмендету бағытында жұмыс істеді. Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директор лауазымында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығарды, Қордың бірқатар басқа компанияларын жария нарыққа дайындады, сондай-ақ елге халықаралық инвестицияларды тартумен белсенді айналысты. 2024 жылдың тамызына дейін Qazaq Green Power plc жария компаниясының бас директоры болып жұмыс істеді, онда халықаралық корпорациялармен бірлесіп электр энергетикасы саласында ЖЭК-тің бірқатар инвестициялық жобаларын табысты іске асырды. 2024 жылғы 12 тамыздан бастап «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Ғалым Хусаинов, «Банк ЦентрКредит» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы, қаржы және экономика саласындағы тәуелсіз сарапшы
Білімі
Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетін тәмамдаған (2005, РФ) – салық және салық салу жөніндегі маман. АССА мүшесі.
Еңбек жолы
Ғалым Хусаинов «Teniz Capital Investment Banking» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Bereke Bank» АҚ сияқты түрлі компанияларда жұмыс істеді; 2017-2022 жылдар аралығында «Банк ЦентрКредит» АҚ-да басшылық лауазымдар атқарды, 2011-2017 жылдар аралығында «BRB Invest» АҚ-ны басқарды және т.б.
Сәкен Жұмашев, KPMG CCА басқарушы серіктесі & CEO
Білімі
Есептеу-ақпараттық жүйелер инженері, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған. КИМЭП университетінің Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA), Ұлыбританияның Лондон бизнес мектебі (LBS) Senior Executive Education C25 және т.б. CIA, CRMA, PMP сертификаттарын иеленген.
Еңбек жолы Сәкен Жұмашев – бизнес-консалтинг саласындағы тәжірибелі көшбасшы, оның осы салада 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Ауқымды трансформациялық жобаларға баса назар аудара отырып, Орталық Азия мен Еуропалық Одақта институционалдық және экономикалық реформаларды жүргізуге елеулі үлес қосты. Ол өзінің мансаптық жолының басым бөлігін KPMG-де жұмыс істеуге арнады, онда консалтингтің алғашқы өңірлік практикасын қалыптастырды. 2018 жылы ол Қазақстан мен Орталық Азиядағы KPMG-ды басқарды, ал 2022 жылы Кавказда және Орталық Азиядағы KPMG басқарушы серіктесі