АХҚО Академиясы Freedom Broker компаниясы және «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының қолдауымен бірегей майнор бағдарламаларын әзірлеуді жариялайды

Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Академиясы ағымдағы оқу жылында бірегей майнор бағдарламаларын әзірлеуді бастағанын жариялайды. Бұл жоба еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында жүзеге асырылып, қазіргі қаржы және экономикалық ландшафттың өзекті мәселелеріне сәйкес келетін он мамандандырылған бағытты қамтиды. Қаржылық профильдегі пәндерді қамтитын бұл бағдарламалар Қазақстанда алғаш рет әзірленіп, жүзеге асырылады. 

Майнор бағдарламалары – студенттерге қаржы секторында табысты мансап құру үшін қажетті негізгі салалардағы білімдерін тереңдетуге бірегей мүмкіндік беретін оқу курсының аясындағы қосымша білім беру бағдарламалары. Қатысушылар активтерді басқару, қаржы технологиялары, қаржы нарықтарын талдау және реттеу, тұрақты даму, сондай-ақ халықаралық коммерциялық дауларды шешу мәселелерін зерттей алады. 

Майнор бағдарламаларының негізгі артықшылықтарының бірі – олардың қазіргі нарықтың қажеттіліктеріне бағытталған практикалық бағыты, сондай-ақ пәнаралық құзыреттерді дамыту. 

Бағдарламалар ағымдағы үрдістер мен талаптарды ескере отырып әзірленеді, бұл студенттерге жұмыс берушілер тарапынан тікелей сұранысқа ие болатын білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Бұл студенттердің кәсіби қызметке дайындығын  және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады. 

«Майнор бағдарламаларының іске қосылуы бакалавриат және магистратура студенттеріне заманауи нарықта сұранысқа ие мамандар болуға мүмкіндік беретін өзекті білім мен құзыреттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деді АХҚО Академиясының директоры Айдос Сакенов. 

Жоба Freedom Broker компаниясы және «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының (Компания және Қор) қолдауымен жүзеге асырылуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) жаһандық шартына адалдық шеңберінде жобаны іске асыру тұрақты дамудың бірнеше маңызды ESG мақсаттарына, соның ішінде ғылыми білімді ілгерілетуге, сапалы білім беруге, лайықты жұмыс пен экономикалық өсуге, сондай-ақ тұрақты даму мүддесіндегі әріптестікке жауап береді. Компания және Қормен ынтымақтастық жоғары сапалы білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді, бұл Қазақстандағы адами капиталдың дамуына және қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне тиімді жауап бере алатын мамандарды даярлауға ықпал етеді. 

Майнор бағдарламаларының іске қосылуы ағымдағы оқу жылында (2024-2025 жж.) жүзеге асырылады деп жоспарлануда. АХҚО Академиясы барлық мүдделі тұлғаларды жобаға қосылуға шақырады. 

БАҚ үшін байланыс ақпараты: 

АХҚО Академиясы

Телефон: +7 (7172) 61 37 78 

Электрондық пошта: [email protected] 

Веб-сайт: www.aifc.kz/kk/aifc-academy/ 

AIFC AI assistant