АХҚО-да тіркелмеген және одан лицензия алмаған «Astana Exchange» компаниясына қатысты ескерту
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) жұртшылыққа өзін «Astana Exchange» деп атайтын және криптовалюта айырбастау қызметтерін ұсынатын компанияның алаяқ екенін ескертеді.
Бұл компания қаржылық қызметтерді көрсету үшін жалған лицензияны пайдаланады. Жүргізілген талдау нәтижесінде AFSA аталған ұйымның АХҚО-да тіркелмегенін және қаржылық қызметтер көрсетуге жарамды лицензиясы жоқ екенін анықтады. Осылайша, оның қызметі АХҚО актілерінің нормаларына қайшы келеді.
AFSA жұртшылықты AFSA лицензиялаған және/немесе тіркеген компаниялар туралы ақпаратты қамтитын жария тізілімді тексеруге шақырады. Бұл қадам кез келген қаржылық қызметтерді немесе өнімдерді пайдаланбас бұрын компанияның лицензияланғанына көз жеткізу үшін маңызды.
AFSA осы алаяқтыққа қатысты кез келген хабарламаға жауап бермеуге және еш жағдайда осы компаниямен іскерлік қарым-қатынасқа түспеуге, сондай-ақ осы алаяқтыққа байланысты кез келген тарапқа ақша жібермеуге немесе аудармауға кеңес береді.
Егер сізде қандай да бір хат-хабардың шынайылығына күмәніңіз болса немесе алаяқтыққа қатысы бар адам сізбен байланысты деп күдіктенсеңіз, сізге AFSA-ға тікелей хабарласуға кеңес береміз. Ол үшін біздің сайтта орналастырылған онлайн-форманы пайдалана аласыз.
Анықтама:
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидаларында қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелері қарастырылған.
АХҚО-да 78 елден 2700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен сәйкес. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы мен дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45