АХҚО Tech Hub Digital Almaty 2023 форумы аясында Kazakhstan Blockchain Day 2023 серіктесі болды

Алматы қаласында цифрландыру саласындағы өзекті үрдістерді бірлесіп талқылау үшін халықаралық сарапшыларды, мемлекеттік органдар, бизнес және IT–қоғамдастық өкілдерін біріктірген жыл сайынғы Digital Almaty халықаралық технологиялық форумы өтті.

АХҚО Tech Hub қаржы технологияларын дамыту саласындағы құзыреттер орталығы бола отырып, Kazakhstan Blockchain Day 2023 титулдық серіктесі және Digital Almaty 2023 бірлескен ұйымдастырушысы болды.

Kazakhstan Blockchain Day — бұл криптоиндустрия мен майнинг нарығының соңғы үрдістері мен қиындықтарды талқылауға арналған жыл сайынғы іс-шара. Оның негізгі мақсаты Орталық Азияның блокчейн технологиясы мен крипто-стартаптарының перспективаларын зерттеу болып табылады.

Tech Hub мамандары Қазақстандағы цифрлық майнинг индустриясының жай-күйі, криптобиржаларды дамыту, сондай-ақ блокчейн индустриясы саласындағы сарапшылардың қатысуымен Web 3.0 тұжырымдамасын енгізу мәселелерін талқылауға арналған сессияларда спикерлер мен модераторлар ретінде сөз сөйледі.

Tech Hub техникалық және іскерлік мәселелер бойынша қызмет көрсету арқылы бизнесті құруда технологиялық стартаптарға қолдау көрсететін, сондай-ақ бизнесті құруға көмектесетін Venture Rocket Eurasia платформасының қызметі арқылы стартаптық экожүйені дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өткен жөн. Сонымен қатар, инвесторлармен қарым-қатынас және жаңа стратегиялық серіктестер табуға көмек көрсетеді. Тәжірибе алмасу аясында Venture Rocket Eurasia бас директоры Назгүл Байтемірова «АХҚО: VC экожүйесін дамытуға жәрдемдесу» атты презентациясымен сөз сөйлеп, АХҚО юрисдикциясының тиімді инвестициялық құралдары және Venture Rocket Eurasia венчурлік студиясының ерекшеліктері туралы айтты.

2023 жылы форум Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығымен (КБТҚ), Алматы қаласының әкімдігімен және цифрландыру басқармасымен, АХҚО Tech Hub, MOST бизнес-инкубаторымен, Caspianx қазақстандық криптобиржасымен, АХҚО резиденті Xignal криптовалюта биржасымен, White hill Capital басқарушы компаниясымен, Global Bigone биржасымен, Mastercard төлем жүйесінің көшбасшыларының бірі, Қазақстандағы блокчейн және деректер орталығы индустриясы қауымдастығы және OneWeb корпорациясы серіктестігінің арқасында өтті.

Анықтамалық ақпарат:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция болып табылады. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде шоғырлану болып табылады.  www.aifc.kz

АХҚО Tech Hub – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеті Қазақстандағы стартап экожүйесін, венчурлік индустрия нарығын, электронды коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech, GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0 және т.б.) дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Халықаралық серіктестермен бірге Tech Hub нарық ойыншыларын қолдау бағдарламаларын жүргізеді, венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және АХҚО юрисдикциясының реттеуші құмсалғышында жаңа финтех шешімдерін сынауға көмектеседі. www.tech.aifc.kz

VentureRocket Eurasia – бизнесті құруда жаңа технологияларды қолдайтын, инвесторлар мен жаңадан бастаған кәсіпкерлерге заңгерлік, техникалық және іскерлік кеңес беру қызметтерін ұсынатын платформа. www.venturerocket.vc

Digital Almaty – цифрландыру саласындағы өзекті үрдістерді бірлесіп талқылау үшін халықаралық сарапшыларды, мемлекеттік органдардың, бизнес пен IT-қауымдастығын біріктіретін форум. https://almatydigital.kz/

Kazakhstan Blockchain Day — криптоиндустрия мен майнинг нарығының соңғы үрдістері мен қиындықтарды талқылауға арналған жыл сайынғы іс-шара. Оның негізгі мақсаты Орталық Азияның блокчейн технологиясы мен крипто-стартаптарының перспективаларын зерттеу болып табылады. https://blockchainday.kz/

AIFC AI assistant