АХҚО Жасыл қаржы орталығының қолдауымен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Еуропада орнықты дамудың дебюттік облигацияларын шығарды
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Vienna MTF алаңында 100 млрд теңге сомасына және айналыс мерзімі 3 жылға орнықты даму еурооблигацияларының дебюттік шығарылымын сәтті жүзеге асырды.
Бұл орналастыру ТМД мемлекеттерінен эмитенттердің еурооблигацияларын шығарудың бүкіл тарихында жергілікті валютадағы бейегеменді эмитент үшін ТМД-дан тұрақты даму еурооблигацияларының алғашқы шығарылымы болып табылады. Орналастырудан алынған қаражат бір мезгілде жасыл әрі әлеуметтік жобалардың өлшемдеріне сәйкес келетін жобаларды қаржыландыруға және қайта қаржыландыруға бағытталатын болады.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы (бұдан әрі – ЖҚО), Орталық Азия өңіріндегі жасыл әрі орнықты бағалы қағаздарды верификациялау бойынша абсолютті көшбасшы саналады, ол Жасыл әрі Әлеуметтік облигациялар қағидаттарына/Халықаралық капитал нарығы қауымдастығының орнықты даму облигациялары стандарттарына, сондай-ақ Жасыл кредиттеу қағидаттарына және Несие нарығы қауымдастығының әлеуметтік кредиттеу қағидаттарына, Азия-Тынық мұхиты несие нарығы қауымдастығы және Синдикатталған несие әрі Қайталама несие нарығы қауымдастығына сәйкес осы шығарылымға оң қорытынды берді.
ЖҚО ұсынған Second-Party Opinion форматындағы сыртқы бағалауға сәйкес, Банк басқарудың, тартылған қаражатты бөлудің, жобаларды іріктеудің, тартылған қаражатты басқару сапасының, экологиялық әрі әлеуметтік маңызы бар іске асырылып жатқан жобалар туралы есептіліктің және ақпаратты ашудың тамаша деңгейін көрсетеді.
«Қазақстанның Даму Банкінің орнықты даму еурооблигацияларын шығаруы біздің өңірдегі орнықты қаржы нарығы үшін маңызды оқиға болды. Жасыл қаржы орталығы осы дебюттік шығарылым аясында верификатор ретінде таңдалғанын мақтан тұтамыз. Бұл қадам өңірдегі тұрақты қаржы құралдарын дамыту үшін жаңа перспективалар ашады және экологиялық және әлеуметтік жауапты қаржы нарығын қалыптастырудағы біздің рөлімізді растайды», — деп атап өтті Жасыл қаржы орталығының директорлар кеңесінің төрағасы Данияр Келбетов.
Анықтама үшін. АХҚО Жасыл қаржы орталығы Орталық Азиядағы тұрақты қаржы құралдарын верификациялау жөніндегі халықаралық әдіснамалық орталықтар аккредиттеген жалғыз ұйым бола отырып, өңірдегі орнықты қаржы нарығын дамытуға белсенді ықпал етеді. Қазіргі уақытта ЖҚО мынадай қор алаңдарында тұрақты облигациялар шығару бойынша эмитенттермен тығыз жұмыс істеуде: АХҚО Биржасы (Қазақстан), Қазақстан қор биржасы (Қазақстан), Ташкент қор биржасы (Өзбекстан), Орталық Азия қор биржасы (Тәжікстан), Баку қор биржасы (Әзірбайжан) және Қырғыз қор биржасы (Қырғызстан).