«Астана» Халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби даму бюросының қолдауымен АХҚО Құқық академиясы (Bcpd Ltd.) енді ТМД аймағында Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес бойынша сертификатталған мамандар қауымдастығының (ACAMS) уәкілетті серіктесі статусына ие болды

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби даму бюросының қолдауымен АХҚО Құқық академиясы (Bcpd Ltd.) енді ТМД аймағында Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес бойынша сертификатталған мамандар қауымдастығының (ACAMS) уәкілетті  серіктесі статусына ие болды.

Ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, 2022 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Украина және Беларусь елдерінің жеке тұлғалары мен ұйымдары АХҚО Құқық академиясы арқылы ACAMS-тың сертификаттық тренингтеріне, мүшелік артықшылықтарына және озық тәжірибелеріне қол жеткізудің бірегей мүмкіндігіне ие болады.

ACAMS – қаржы қылмыстары жөніндегі мамандарға арналған Ақшаны жылыстатумен күрес (CAMS), Жаһандық Санкциялар (CGSS), Өз клиентіңізді біліңіз (CKYCA), Транзакция мониторингі (CTMA), Fintech талаптарына сәйкестік (CAFCA), Аудит, Қаржылық қылмыстарды тергеу, Алаяқтық, Тәуекелдерді басқару және тағы басқа салаларда әлемге танылған сертификаттардың бастапқы, маман және ілгері деңгейлерін ұсынатын ірі халықаралық мүшелік ұйым болып табылады (175-тен астам елдер мен өңірлер).

ACAMS зияткерлік көшбасшылық, үздіксіз кәсіптік білім беру және әріптестермен тәжірибе алмасу арқылы қаржылық қылмыстарды жоюға тырысатын жеке және заңды тұлғаларға, бүкіл әлемдегі мемлекеттік ұйымдарға қолдау көрсетеді.

ACAMS сертификаты бүкіл әлем бойынша адамдарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін арттырады және ұйымдарға үздік халықаралық стандарттар мен тәжірибеге сәйкес қаржылық қылмыстармен күресуге сенімді әзірлік жасауда қолдау көрсетеді.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару жөніндегі кеңестің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО-ның пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуында болып отыр.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады». www.aifc.kz

AIFC AI assistant