AIFC Academy және Quantum Management Company білім беру саласындағы стратегиялық серіктестік туралы жариялады

Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Академиясы және Quantum Management Company Қазақстанда мамандандырылған білім беру бағдарламаларын дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум білім беру зерттеулерінің сапасын арттыруға, инновацияларды ілгерілетуге және халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалайды.

Осы келісім аясында тараптар STEM және халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламалары саласындағы ең жаңа әдістемелерді пайдалана отырып, білім беру зерттеулеріне арналған іс-шараларды бірлесіп ұйымдастырып, өткізуді жоспарлап отыр.

Студенттер мен оқытушылардың бірлескен жобаларға қатысу арқылы практикалық қызметке тартылуына ерекше назар аударылады. Бұл үшін заманауи оқу және ғылыми ресурстарға қолжетімділік қамтамасыз етіліп, зерттеу және оқу үшін қосымша мүмкіндіктер жасалады.

Серіктестік сондай-ақ экскурсиялар мен оқу сапарларын ұйымдастыруды, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізуді қамтиды. Жоба қатысушылары өздерінің оқу қызметін жан-жақты қолдауды қамтамасыз ететін кәсіби кеңестер мен жаңа білім беру және қаржылық өнімдерге қол жеткізе алады.

Екі тарап бірлескен жобалардың бірқатарын, соның ішінде Quantum TECH School базасында «Қаржыдағы жасанды интеллект» зертханасын ашуды жоспарлап отыр, бұл Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосады.

AIFC Academy және Quantum Management Company арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашады, ол білім сапасын арттыруға және Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға бағытталған.

Анықтамалық ақпарат

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

АХҚО баспасөз қызметі

Айнұр Исабаева  

Баспасөз-хатшысы

Тел: +7 701 777 65 58

E-mail: [email protected]

AIFC AI assistant