АХҚО мен ҚР СІМ «КАZАКН INVEST» ҰК» АҚ базасында Task Force бөлімшесін құру туралы бұйрыққа қол қойды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) алаңында «КАZАКН INVEST» ҰК» АҚ базасында Task Force бөлімшесін құру мен оның АХҚО органдарымен және ұйымдарымен өзара байланысы туралы бұйрыққа қол қойылды. Бөлімшенің міндеті – инвестицияны басқару жүйесін реформалау және инвестиция тартудың жаңа тәсілдерін табу.

Бірлескен бұйрыққа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы, АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов қол қойды.

Жаңа бөлімше Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаларын дайындау үшін құрылды. Task Force инвестициялық жобаларды дайындау, құрылымдаудан бастап оларды жүзеге асыруға дейінгі процестерге қолдау көрсетеді.

Task Force құрамына KAZAKH INVEST пен АХҚО қызметкерлері, орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың және квазимемлекеттік сектор мен Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінің өкілдері кірді.

Қазіргі таңда Task Force АӨК мен химия саласында жалпы құны 2 млрд АҚШ доллары болатын бірқатар жобалармен айналысып жатыр.

 

Анықтама үшін:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару жөніндегі кеңестің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО-ның пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуында болып отыр.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары тұйық циклді экономиканы, қаржылық технологияларды және «цифрлық қаржы орталығын» дамытуды қамтиды. https://aifc.kz/

AIFC AI assistant