АХҚО Әкімшілігі мен 47Pitches заң технологиясы саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілігі мен 47Pitches Орталық Азия кәсіпкерлері мен АҚШ инвесторлары арасында байланыс орнату мақсатында меморандумға қол қойды. Бұл бастама АХҚО-ның Қазақстанға инвестицияны көбейту мен Қазақстан мен өңірдегі кәсіпкерлер мен дарындыларды қолдау мақсаттарының бір бөлігі.
Ынтымақтастық өңірлік және халықаралық деңгейде заң технологиясы стартаптар мен жобаларын дамытуға бағытталған.
Атап айтқанда, Тараптар Орталық Азияның стартаптарына өз бейнеөтінімлерін 47Pitches платформасына орналастыруға және платформаның инвестициялық, желілік және менторлық мүмкіндіктерін пайдалануына жағдай жасауға келісті.
АХҚО-да заң технологияларының дамуы заң қызметтерінің сапасы мен тиімділігін арттырып, оны Орталық Азияда барынша қолжетімді етеді.
Марк Дойч, 47Pitches негізін қалаушы: «47Pitches-тің АҚШ-тағы жетістігіне сүйене отырып, Қазақстан мен Орталық Азияның дарынды технологиялық кәсіпкерлерімен инвесторлар арасында байланыс құра алатынымызға қуаныштымын. Заң технологиялары – әлем бойынша инвестиция салуға тартымды ең қарқынды өсіп келе жатқан салалардың бірі. АХҚО заң технологиялары саласында қажетті қолдау көрсете бастаған алғашқы қаржы орталықтарының бірі болғанына қуаныштымын».
Марк Бир, заң технологияларын дамыту бойынша АХҚО Консультативті кеңесінің төрағасы: «Бұл меморандум АХҚО-ны заң технологияларының үздік әлемдік орталығына айналдыру жоспарының бірінші кезеңі. Инвесторларды дарындылармен байланыстыра отырып және 47Pitches ынтымақтаса отырып, біз өңірде заң технологиялары саласындағы кәсіпкерлердің дамуына қолайлы жағдай жасаудан үміттіміз. АХҚО Басқарушысы Келімбетов Қайрат Нематұлын Кеңесті құрғаны үшін және Кеңестің барлық қызметкерлеріне еткен еңбектері үшін алғыс айтамын».
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам”Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.
АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, “АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады”. https://aifc.kz/
47Pitches – стартаптар мен өзге де жобаларды аккредиттелген инвесторлар қауымдастығымен немесе соңғы пайдаланушылармен байланыстыратын және резентациялар байқауын ұйымдастыратын оператор және ақпараттық платформа. https://www.47pitches.com/