АХҚО технологиялық салада белсенді дамуды жалғастыруда

Бүгін Digital Almaty халықаралық форумы аясында ҚР Премьер-минстрі А. Мамин «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңында IT саласында жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша білім беру бағдарламасының іске қосылатындығын хабарлады. Білім беру мектебі  Qwasar Silicon Valley бағдарламасының негізінде құрылыпы QWANT деп аталды.

Сонымен қатар бүгін «Жаңа цифрлы әлем үшін болашақ мамандарды даярлаудың бейімделген технологиясы» атты баспасөз конференциясы өтті. Аталмыш шара биыл АХҚО бюросы негізінде QWANT жоғары технологиялық мектебінің ашылуына арналған.

Қазақстан экономикасын сәтті жаңғыртуды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Төртінші өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлеріне жауап бере отырып, АХҚО цифрлық дамудың жаңа кезеңін бағып етіп биыл көктемінде АХҚО Бюросы базасында QWANT жоғары технологиялар мектебін ашуды жоспарлап отыр. Мектептің ашылуы АХҚО-ның орта мерзімді стратегиясын іске асырудың кезеңдерінің бірі ретінде, цифрлық экономиканың талаптарын ескере отырып банктік емес өнімдерді дамытуға және жүзеге асыра алатын қаржылық технологиялар саласында жоғары сапалы кадрларды даярлау арқылы қаржы саласын цифрландыруға ықпал етеді.

Ернұр Рысмағамбетов, АХҚО Әкімшілігі Басқарма Төрағасының орынбасары

«Жоғары технологиялық мектепті құру идеясы цифрландыру мен барлық процестерді автоматтандыруға бағытталған әлемдік тенденцияларды зерттеуге негізделген. АХҚО жергілікті нарықтың қажеттіліктерін ескеріп отырып, АХҚО Бюросы өзінің халықаралық кәсіби сертификаттауды енгізудегі сәтті эмпирикалық тәжірибесіне сүйеніп енді  технология саласында мамандар даярлау бағытын ұстанады.»

QWANT мектебінде оқы бағдарламасы бірнеше білім беру модульдерінен тұрады: бағдарламалау тәжірибесі бар мамандарға арналған 6 айлық қарқынды курс, сондай-ақ бағдарламалауды үйренгісі келетіндерге арналған ұзақ мерзімді бағдарлама да қарастырылған. Оқу бағдарламасының қарқыны мен ұзақтығы әртүрлі. Себебі олар тәжірибесі бар мамандар мен ЖОО-ның болашақ түлектеріне арналған. Болашақ жас мамандардың бүгіннен бастап озық әдістемемен білім алып, еңбек нарығында бәсекеге төтеп бере алатындай дайын болуы әрі Қазақстандық компанияларға мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына лайықтап дайындалған.

Мектептегі оқу бағдарламасы «белсенді оқыту», тең құқықты андрагогика, жобалық оқыту, геймификация және рольдік модельдеу принциптерінде құрылған. Аталған барлық принциптер EPITECH университетінде және «42» инновациялық мектебінде бірнеше жыл бойы сыналған. Мектептің басты ерекшелігі – мұғалімнің болмауы. Оқу нәтижесі студентке толық жүктеледі. Бұндай қағида креативті ойлауды, коммуникация дағдыларын дамытады, өз бетінше және топта жұмыс істеуге үйретеді, нәтижеге бағыттайды.

QWANT жоғары технологиялар мектебі америкалық Qwasar Silicon Valley компаниясымен әріптестікте іске қосылады. Мектепте оқуға өтініш беру үдерісі онлайн түрде мектеп сайты арқылы жүзеге асырылады  www.qwant.kz .  

 

 

Ақпараттық анықтама:

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету.

www.aifc.kz

 

QWASAR: цифрлық әлем үшін болашақ мамандарды даярлауға бағытталған оқу платформасын әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу жөніндегі инновациялық компания. Компанияны 2018 жылы Кваме Ямгнане және Дженнифер Робертсон құрды. Мектеп бағдарламасына бағдарламашылар, жобалау менеджерлері және сандық маркетинг курстары кіреді.

 

АХҚО Бюросы (BCPD Ltd.) кадрлық әлеуетті кеңейту және АХҚО экожүйесінде және ашық нарықта жұмыс істеу үшін жергілікті мамандардан халықаралық деңгейдегі кәсіби мамандар пулын қалыптастыру мақсатында үздіксіз кәсіби даму саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді қолдана отырып, халықаралық кәсіби сертификаттауға даярлауға маманданған.

AIFC AI assistant