АХҚО қызметкерлері Нұр-Сұлтан мектептеріндегі жоғарғы сынып оқушыларына таныстыру турын ұйымдастырды

АХҚО қызметкерлері Нұр-Сұлтан мектептеріндегі жоғарғы сынып оқушыларына таныстыру турын ұйымдастырды. Шара аясында оқушылар қаржы орталығының инфрақұрылымымен, жұмысының негізгі бағыттарымен танысып, АХҚО Құқық академиясы мен Үздіксіз кәсіби даму бюросының білім беру бағдарламалары туралы білді.

Тур барысында оқушылар сонымен қатар өздерінің қаржылық сауатын арттырып, сұранысқа ие мамандықтар туралы көбірек біліп, қызығатын сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шара болашақ талапкерлерге кәсіби бағыт алу, жоғары білім мен кәсіби қызмет саласын таңдауға көмектесу үшін ұйымдастырылып отыр.

АХҚО жас көшбасшылардың қалыптасуына мүмкіндік беретін түрлі білім беру жобаларын іске асыру арқылы жас толқынға тұрақты түрде жүйелі қолдау көрсетіп келеді. 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам”Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, “АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады”. https://aifc.kz/

AIFC AI assistant