АХҚО Жасыл қаржы орталығы Бішкек қаласында іскерлік көрме орталығы мен қаржы-инвестициялық хаб құру тұжырымдамасының жобасын таныстырды

2022 жылғы 22 қарашада Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында “Бішкек” АЭА Бас дирекциясы үшін АХҚО Жасыл қаржы орталығы (бұдан әрі – Орталық) және АЭА дамыту жөніндегі Орталық Азия корпорациясы әзірлеген «Бішкек қаласында бірегей іскерлік көрме орталығы мен қаржы – инвестициялық хаб құру» тұжырымдамасының тұсаукесері өтті.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған тұжырымдама 2022 жылғы 23 қарашада Бішкек қаласында өткен «Қырғызстандағы жасыл инвестициялар форумы» аясында елдегі жасыл және инновациялық технологияларды дамыту үшін қажетті инфрақұрылым ретінде кең аудиторияға ұсынылды.

Тұсаукесерлер шеңберінде Орталық жобаның мақсаттарын, күтілетін қаржылық-экономикалық нәтижелері және жобаның мемлекет пен елдің бизнес қоғамдастығы үшін артықшылықтарын қоса алғанда, негізгі параметрлерін ұсынды. Жоба АЭА – ға қатысушы 160-тан астам компанияның қызметін қамтамасыз ететін 5 жыл ішінде 5 негізгі инфрақұрылымдық нысан салуды қамтиды. Сонымен қатар, іске асырылған жағдайда жоба Қырғызстанның ЖІӨ үшін оң мультипликативті әсер етуі мүмкін және тұрақты дамудың мемлекеттік стратегиясы мен бизнесті дамыту бағдарламаларын орындауға ықпал ететіні атап өтілді.

Сонымен қоса, Орталық АХҚО Соты мен ХТО артықшылықтарын Қырғызстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру құралы ретінде пайдалануды ұсынды.

 

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекітілуі болып табылады. www.aifc.kz   

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту.

Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz

 

 

 

AIFC AI assistant