АХҚО Жасыл қаржы орталығы және АҚ «Aqjaiyq» ӘКК» Орал қ. жасыл қаржыландыру аймақтық жобалық кеңсені құруға келісті

2021 жылдың 7 шілдесінде, АХҚО Жасыл қаржы орталығының бизнесті дамыту жөніндегі директоры, Манас Ғиждуаниев Орал қаласына жұмыс сапарымен барып, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиевпен және «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасымен Ә.Тоқтасуновпен, жасыл және әлеуметтік қаржы саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау мақсатында кездесті.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар ынтымақтастықтың алғашқы кезеңдері туралы, атап айтқанда АХҚО Жасыл қаржы орталығы  «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ қызметкерлері үшін жоспарланған бірлескен жоба шеңберінде одан әрі жұмыс істеу үшін, тұрақты қаржы құралдары бойынша арнайы Орал қ. кеңседе тренинг өткізу туралы уағдаласты.

Бұл жобалық кеңсені құрудың мақсаты, Батыс Қазақстан облысында экологиялық дамудың және әлеуметтік инвестициялар жобаларын АХҚО алаңында сатылатын жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты, тұрақты дамудың қаржылық құралдарын енгізу арқылы жүзеге асыру болады.

Бұл шара, АХҚО қор Биржасындағы тұрақты дамудың қаржылық құралдары нарығын дамытуға мүмкіндік береді, сонымен қатар өңірге қажетті инвестицияларды тартуға көмектеседі.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

“Астана” халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

 

AIFC AI assistant