Мәскеуде АХҚО-ның Жасыл қаржы орталығы мен «РублёвМедиаГрупп» ЖШҚ арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
2020 ж. 3 желтоқсанда Қазақстаның Ресейдегі Елшілігінде Бірінші Еуразиялық конгресске қатысулары шеңберінде АХҚО Жасыл қаржы орталығының бас директоры Айдар Қазыбаев пен беларуссиялық «РублёвМедиаГрупп» IT және медиа компаниясының негізін қалаушы Олег Резанович «Green Yurts» – Қазақстандағы «жасыл» стартаптарды акселерациялау орталығын құру бойынша серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның шарттары Қазақстандағы «Green Yurts» орталығы негізінде «жасыл» жобалар мен стартаптарды іске қосу бойынша ынтымақтастықты көздейді. Миссияларының бірі экологиялық жобаларды жүзеге асыру болып табылатын орталық «Астана» Халықаралық қаржы орталығы базасында тіркелетін болады. Орталықтың алғашқы жобасы ретінде микро-көкөніс және оны өсіруге арналған қондырғылар шығаруға арналған «Green Yurt farm» стартапы жүзеге асырылады. Жоба экологиялық білім беру шеңберінде қалалық фермер мектебін құруды да қамтиды.
Қол қойылған Меморандум Тараптарға жасыл және әлеуметтік нарықты дамыту бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан экологиясының пайдасына инновациялық шешімдер қуруға мүмкіндік береді.
Анықтама:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы» Ұлт жоспары аясында құрылды. 2020 жылдың 2 шілдесіндегі АХҚО Басқару кеңесінің отырысында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО-ның мақсаты – Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, сонымен қатар Моңғолия және Шығыс Еуропа. аймағындағы жетекші халықаралық қаржы орталығына айналу.
АХҚО миссиясы – аймақтың тұрақты ұзақ мерзімді дамуына үлес қосу. Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев атап өткендей, «Ерекше мүмкіндіктері бар АХҚО аймақ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары экономиканы, қаржылық технологияларды және «цифрлық қаржы орталығы» шеңберін дамытуды қамтиды.
Aifc.kz