АХҚО Жасыл қаржы орталығы «Тұрақты даму мүддесіндегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» тақырыбында вебинар өткізді

2021 жылдың 4 қарашасында АХҚО Жасыл қаржы орталығы AIFC Business Connect Ltd. және Unicase заң фирмасымен бірлесе отырып «Тұрақты даму мүддесіндегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинарда спикерлер Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын құқықтық реттеу, АХҚО-да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын құрылымдау, сондай-ақ тұрақты жобаларды жүзеге асыруға қаражат тарту нысаны ретінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы презентациялар жасады.

Нурлан Кубенов, Unicase заң фирмасының аға заңгері, Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын құқықтық реттеуге шолу жасап, Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік заңнамасының дамуы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің құқықтық негіздері, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен концессияның негізгі айырмашылықтары, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік заңнамасындағы соңғы өзгерістер туралы айтып берді.

Елена Тен, AIFC Business Connect Ltd. Инвестициялар департаментінің аға менеджері, АХҚО-да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын құрылымдау туралы презентация жасады. Елена мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын құрылымдау үшін АХҚО артықшылықтары, жоба құрылымын анықтау, жобаларға ішкі шолу жасау және оларды тексеру, сондай-ақ жобаны сәтті жүзеге асыру құралдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Роза Нуртазина, АХҚО Жасыл қаржы орталығының қаржыгері, тұрақты жобаларды жүзеге асыруға қаражат тарту нысаны ретінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы презентация жасады. Роза тұрақты қаржыландыру құралдарының түрлері, жарамды жасыл жобалар санаттары, жасыл облигацияларды шығарудың артықшылықтары, әлеуметтік жобалар санаттары, жасыл облигацияларды шығару процесі туралы айтты, сондай-ақ облигацияларды қаржыландыру бойынша шет елдердің мысалдарын келтірді.

Вебинардың жазбасын мұнда қарауға болады. (Кіру коды: M05@4%QC)

АХҚО Жасыл қаржы орталығы жұртшылық үшін оқытушы вебинарларын ұйымдастыруға мүдделі және жасыл қаржыландыру саласындағы хабардарлықты арттыру бойынша жұмысын жалғастырады.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

AIFC AI assistant