АХҚО Жасыл қаржы орталығы + «Сбербанк» АҚ ЕБ = ESG серіктестік

АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Ельдар Тенизбаевпен Сбербанк кеңсесінде бизнес-кездесу өткізіп, Қазақстанда жасыл қаржыландыруды дамыту бойынша Өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

Кездесуде бірқатар мәселелер, атап айтқанда, тұрақты даму, оның ішінде 2022 жылы дебюттік ESG облигацияларын шығару жөніндегі мәселелер талқыланды.

А.Қазыбаев «Сбербанк» АҚ ЕБ командасын (бұдан әрі – «Сбербанк») эмитенттердің мәмілелердің кірістілігі мен ашықтығы туралы ақпаратты ашуды көздейтін жасыл және әлеуметтік облигацияларды шығару бойынша қолданыстағы тетіктер туралы хабардар етті. Сондай-ақ, А.Қазыбаев тұрақты даму жобаларын іске асыру бойынша Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның қаржы ұйымдарына жәрдемдесу жөніндегі Орталықтың жүргізіліп жатқан жұмысы туралы, сондай-ақ жасыл кредит беру тетігі арқылы жобаларды іске асыру бойынша Қазақстанның екінші деңгейдегі банктеріне жәрдемдесу туралы хабардар етті.

Орталықтың Бас директоры Сбербанкке АХҚО-да ESG практика мектебін құруды ұсынды, оның аясында ESG есептілігін (reporting) және верификацияны дайындау, тиісті кадрларды даярлау, сондай-ақ ESG жобаларының пулын қалыптастыру бойынша оқыту жүргізіледі. Сонымен қатар, А. Қазыбаев Сбербанк командасына Орталықтың еншілес компаниясы – «Green Technology Hub» туралы ақпарат берді және экологиялық, әлеуметтік және экономикалық тиімділік, оның ішінде жобаларды қаржыландырудың және тұтастай алғанда арзандатудың оңтайлы тетігі тұрғысынан жобаларға технологиялық аудит жүргізу бойынша қызметтерді ұсынды, сондай-ақ мемлекет Басшысының алдағы 5 жылда екі миллиардтан астам ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы аясында елдегі көмірқышқыл газын азайту үщін ағаш отырғызу бойынша жобаларға қатысу бастамасын айта отырып, Орталықтың коммерциялық емес компаниясы – «Еуразиялық экологиялық қорды» ұсынды.

Тараптар мектептер, ауруханалар, қалалық саябақтар және т.б. салу бойынша қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ESG облигацияларын шығару мәселелерін пысықтауға келісті. Сондай-ақ, ауқымды экологиялық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін мүдделі банктер мен басқа да қаржы ұйымдарының қатысуымен АХҚО алаңында ESG синдикатын құруды пысықтау бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Е.Теңізбаев Орталыққа 2021 жылғы 1 желтоқсанда Ресейде құрылған ESG-альянс құру бойынша Сбербанктің тәжірибесін зерделеуде көмек көрсетуге келісті.

Сондай-ақ, тараптар 2022 жылғы мамырда Қазақстан қалаларында GreenFest-2022 жасыл марафонын бірлесіп өткізуге және Банктің инвестициялық жобаларын алдын ала бағалау жөніндегі Орталықтың ұсыныстарын зерделеуге келісті.

Сонымен қатар, тараптар 2022 жылдың бірінші тоқсанынан бастап қаржылық құрылымдарға арналған тоқсан сайынғы ESG оқыту модулін бастауға келісті.

Сондай-ақ Сбер командасы барлық экологиялық стандарттарды қамтитын Жасыл қаржы орталығының корпоративтік атрибуттарын әзірлеуге және ілгерілетуге көмек және қолдау көрсетеді.

 

Анықтамалық ақпарат

 «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған.

 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды.

Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады».

www.aifc.kz

 

АХҚО Жасыл қаржы Орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат – жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО Жасыл қаржы Орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant