АХҚО Орталық Азия қаржы реттеушілерінің арасындағы ынтымақтастық бойынша жыл сайынғы жоғарғы деңгейлі кездесуін өткізді

«Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) АХҚО, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан қаржы реттеушілерінің қатысуымен жоғарғы деңгейлі кездесу өтті. Жиында 40 адам, оның ішінде халықаралық ұйымдардың, Еуропалық даму және қайта құру Банкі, Ислам қаржы қызметтері бойынша Кеңес, Frankfurt Main Finance, Азия даму банкі, Ғаламдық даму Орталығы және өзге де бизнес өкілдері қатысты.

Жоғарғы деңгейлі кездесуді Орталық Азияны XXI ғасырда дамыту мақсатындағы достық, жағымды көршілік және ынтымақтастық бойынша Қазақстан, Қырғызстан,  Тәжікстан, Өзбекстан елдері арасында Шолпан Ата қаласында  2022 жылдың 21 шілдесінде келісілген Келісімді жүзеге асырудағы тиісті үлес деп айтуға болады.

Былтыр 2021 жылғы желтоқсан айындағы кездесудің қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерінің қаржылық реттеушілері Біріккен декларация қабылдаған еді, оған сәйкес АХҚО әлеуетін қаржылық жүйені бірігіп пайдалану, қаржы қызметтері саласындағы трансшекаралық экономикалық бастамаларды қолдау, аймаққа инвестиция тарту, реттеушілер арасындағы ынтымақтастықты арттыру көзделген.

Биылғы кездесу қатысушылары АХҚО халықаралық қаржы орталықтарының ең үздік тәжірибесін өзіне сіңірген, аймақтық жобаларға тікелей портфельдік инвестициялар тартуға тиімді алаңша деген пікірлерін білдірді.

Кездесу  аясында  Орталық Азия нарықтарын дамыту жолдарын, ислам қаржысы, сақтандыру мен қайта сақтандырудың рөлі,  аймақтық инфрақұрылым және қаржы қызметтері саласындағы жаңа тенденциялар бойынша арнайы сессиялар ұйымдастырылды. Реттеушілік бойынша дөңгелек үстөл кезінде ұлттық қаржылық нарықтардың қазіргі жәйі мен дамыту жолдары талқыланды.

 

 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті» (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 67 елден 1600-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.

www.afsa.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi.

www.aifc.kz

 

AIFC AI assistant