АХҚО – Қазақстан Республикасы мен аймақтағы тұрақты даму күн тәртібінің алға сүйреушісі

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілігі (бұдан әрі – АХҚОӘ) мен «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебі Қазақстан Республикасында тұрақты даму туралы келісімге қол қойды.

Тараптар Қазақстан Республикасында тұрақты даму саласындағы озық тәжірибені құруға және стратегияларды іске асыруға бағытталған адами капиталды дамыту және өзгерістер көшбасшыларын дайындау саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті.

«Бұл саладағы ынтымақтастықтың маңызды әлеуетін ескере отырып, соның ішінде көміртегі аз мөлшерде өндіру, климатты реттеу және энергияның ауысуы бойынша АХҚО тұрақты дамудың үздік тәжірибелері мен инновациялық шешімдері саласында ұлттық және жеке компаниялардың арасында тәжірибе алмасу үшін диалог алаңы ретінде өзінің тәжірибесін, сараптамасы мен инфрақұрылымын ұсынуға дайын», – деді АХҚОӘ Басқарма Төрағасы Ернұр Рысмағамбетов.

Білім беру бағдарламалары мен ғылыми -зерттеу қызметін жүзеге асыру арқылы адами капиталды дамытуда үлкен тәжірибесі бар «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебі АХҚО-ның стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады. Соның арқасында АХҚО экожүйесі ішінде бірқатар жобалар сәтті енгізілді.

«СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебі алдағы 10 жылға жаңа стратегия жасады. Бұл стратегияның басымдықтарының бірі-тұрақты даму саласындағы адами капиталды және әлемдік деңгейдегі зерттеулерді дамыту. Мақсаттары мен амбициялары ұқсас ұйымдармен халықаралық серіктестікті дамытусыз бұл мүмкін емес. Сондықтан, біз Қазақстанның ұлттық дамуының стратегиялық бағыттарын анықтайтын СЖРА-мен, бұрыннан серіктесіміз АХҚО-мен бірлескен келісімге қол қойғанымызға өте қуаныштымыз», деді «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебінің ректоры Юрий Левин.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

 Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО құру туралы конституциялық заңға 2015 жылдың 7 желтоқсанында қол қойылған. АХҚО мақсаты – халықаралық қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО -ның мақсаты – ел экономикасына инвестиция тартуға көмектесу, қаржылық қызметтерге инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциясын қамтамасыз ету.

«СКОЛКОВО» Мәскеу менеджмент мектебі –Ресей мен посткеңестік кеңістіктегі жетекші бизнес мектептерінің бірі, оны 2006 жылы кәсіпкерлер қауымдастығы құрған. Бұл Financial Times 2020 рейтингісіндегі корпоративтік бағдарламалардың сапасы бойынша Шығыс Еуропадағы №1 бизнес мектебі.

AIFC AI assistant