АХҚО-ның қатысушы компаниясы “Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company” FTG, Sembol İnşaat және Accor-мен өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды
Түрік бизнесінің көшбасшыларымен өткен дөңгелек үстел аясында АХҚО қатысушысы “Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company” (бұдан әрі – KIDF) және FTG Gayrimenkul Yatirim Turizm Madencilik Ve Inşaat Sanayi Ticaret Anonim Şirketi (бұдан әрі – FTG), Sembol Uluslararası Yatırım Tarım Peyzaj İnşaat Turizm Sanayi Ve Ticaret A.Ş. (бұдан әрі – Sembol) және Accor (Түркия) компаниялары арасында өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды.
Келісім шеңберінде KIDF, FTG және Sembol Қазақстанның Ақтау қаласында Fairmont Hotel қонақүйінің құрылысын аяқтауға және оны басқаруды Accor компаниясына беруге ниеттеніп отыр.
Fairmont Hotel қонақүйі Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің құмды жағалауында орналасқан және премиум класты қонақүйлер, сауда орталықтары, түрлі тақырыптағы парк, тұрғын үйлер және т.б. қамтитын халықаралық туристік хабтың бір бөлігі.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу.
“Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company” Ltd. – бұл «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Ltd. тікелей инвестициялар қорының (бұдан әрі – KIDF) активтерін басқаратын басқарушы компания, ол «Астана» халықаралық қаржы орталығының қағидалары мен ережелеріне сәйкес тиісті түрде тіркелген. KIDF шетелдік инвесторлармен тең инвестициялар қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларын дамытуға инвестициялар тартуға жәрдемдесу үшін құрылды. Толық ақпаратты мына жерден алға болады – www.kidf.kz
FTG Gayrimenkul Yatirim Turizm Madencilik Ve Inşaat Sanayi Ticaret Anonim Şirketi – бұл жылжымайтын мүлік, қонақжайлылық және ойын-сауық саласындағы жобалау, дамыту және консалтинг компаниясы, ол негізінен Қазақстан, Түркия, ПШАМЫК, ТМД, Германия, Хорватия және Швейцарияны қоса алғанда, оннан астам елді қамтиды. Толық ақпаратты мына жерден алға болады – www.ftgdevelopment.com
Sembol Uluslararası Yatırım Tarım Peyzaj İnşaat Turizm Sanayi Ve Ticaret A.Ş. Қазақстанда, ТМД-да, ТШСА өңірі мен Еуропа елдерінде өзінің технологиялық жобаларымен өзін әлемге танытқан халықаралық құрылыс компаниясы. Толық ақпаратты мына жерден алға болады – www.sembolinsaat.com
Accor – қонақжайлылық саласындағы әлемнің жетекші топтарының бірі, ол 110 елдегі 5 300 қонақүй мен 10 000 мейрамхана мен бардан тұрады.