AIX және Катардың қор биржасы ынтымақтастық шарттары туралы уағдаласты
Astana International Exchange («AIX», «Биржа») және Катардың қор биржасы (QSE) Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды және түрлі салаларда өзара пайдалы ынтымақтастықты жолға қоюға уағдаласты. Келісімге сәйкес екі тарап та тиісті құқықтық регламенттердің, бірлескен зерттеулер мен білім беру бастамаларының шеңберінде нарықтық операциялар туралы ақпаратпен және мәліметтермен алмасуға ықпал ететін болады.
АІХ Бас директоры Ренат Бектұров былай деді:
«Қазақстан Катармен екіжақты байланыс орнатуға қуанышты. Біз бұл серіктестікке өз үлесімізді қосамыз және капитал нарығын дамытуға ықпал ету үшін күш біріктіреміз деп үміт артамыз. Бұл Меморандум AIX пен QSE арасындағы әртараптандырылған ынтымақтастықты дамытуда жаңа тарауды ғана ашып қоймайды, сонымен бірге Қазақстан мен Катар инвесторларының трансшекаралық мүмкіндіктері үшін де жол ашады».
Тамим аль-Кувари, QSE Бас директоры былай деп атап өтті:
«Біздің Қазақстанмен бұрыннан келе жатқан қарым-қатынастарымыз осы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін нығая түсті. Біз ынтымақтастықтың басталуын асыға күтудеміз, ол екі жақтың да нарықтарын дамытуға үлес қосатыны сөзсіз. Әрқашанда біздің мақсатымыз капитал нарықтарының тұтастығын қамтамасыз ету және жергілікті, сол сияқты халықаралық инвесторларға қолжетімді қызметтер көрсету болып келді. Біз бұл қарым-қатынастарымыз осы мақсатқа жетуге ықпал етеді деп сенеміз».
Келісім экономикасы дамып келе жатқан елдер арасындағы ынтымақтастық үшін, соның ішінде капитал нарығындағы ынтымақтастық үшін берік негіз қалайды. «Сукук» ислам облигацияларын шығару бойынша әлемдегі көшбсшылардың бірі болып табылатын QSE көмегімен АІХ ақпарат және тиісті тәжірибе алмасу жолымен ислам қаражаттарын дамыту мен ілгерілетуге өзінің қатысуын кеңейтуге ұмтылады.
АІХ биржасы 2020 жылғы наурызда Катар халықаралық ислам банкі (QIIB) шығарған, ислам қаржыландыруының талаптарына сәйкес келетін өзінің алғашқы сукугын тіркеді және шариат талаптарына сәйкес келетін өнімдерге ерекше қызығушылық танытуын жалғастыруда.
Анықтама:
AIX 2017 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ “Белдеу және жол” бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді.
АХҚО “Астана” халықаралық қаржы орталығы 2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады. https://aifc.kz /
QSE 1995 жылы құрылған және 1997 жылы толығымен іске қосылды. Катар қор биржасының іске қосылуы Катардың капитал нарықтары тарихының маңызды кезеңіне айналды. Құрылған сәтінен бастап QSE Катар капитал нарықтарының үздіксіз даму өзегіне айналды. QSE экономиканы әртараптандыру және орнықты даму платформасы ретінде елеулі табыстарға жетті. Бұл жетістіктер туралы сауда көрсеткіштері мен ифрақұрылымның жетілдірілуі, әлеуметтік жауапкершілік саласындағы қызметтер және инвестициялық хабардарлықтың жоғарылауы, ақпаратты рационалды түрде ашу және IR-тәжірибе, сонымен қатар көрсетілетін қызметтер мен инвестициялық өнімдердің жетілдірілуі айғақтайды. QSE пайымы мен миссиясы: www.qe.com.qa