AIX қызметінің 2024 жылғы нәтижелері
Astana International Exchange («AIX» немесе «Биржа») жүйелі инновациялар және капитал нарықтарынның өсімімен ерекшеленген 2024 жылдың нәтижелерін ұсынады.
2024 жылы AIX эмитенттер мен инвесторлардың сұраныстарына сай келетін бірқатар озық құралдар мен механизмдерді енгізді. Бұл бастамалар нарық мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, Қазақстанның инвестициялық ландшафтын өзгертті. Нарық қатысушыларымен белсенді өзара іс-қимыл жасай отырып, AIX өзекті трендтерді қадағалауды және заманауи шешімдерді ұсынуды жалғастыруда.
AIX басқарма төрайымы Әсел Мұқажанова:
«2024 жыл AIX үшін серпіліс жылы болды, біз өзіміздің бұрынғы нәтижелерімізді еселеп, компанияның өсуі мен нарыққа ықпалы жағынан жаңа биік мақсаттар қойдық. Бұл — биржаның жетістіктерінің арқасында Қазақстандағы және аймақтағы инвесторлар мен эмитенттер үшін қаржылық ландшафтты өзгерткен жыл болды. Біздің инновацияларға, орнықты дамуға және нарықты қолжетімді етуге деген бейілдігіміз компанияларға өсу үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға және инвесторларға әртараптандырылған әрі инклюзивті қаржылық шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, нарықты дамытудың қозғаушы күші болып қала береді. Біз бизнес пен инвесторларға түрлі жаңашыл шешімдер ұсына отырып, барлық қатысушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын динамикалық және орнықты капитал нарығын құруға баса назар аударуды жалғастырамыз».
AIX-тің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша нәтижелері:
- AIX ресми тізімі: 148 эмитенттің 256 құралы тізімге кірді.Олардың ішінде 68 компанияның 140 құнды қағазы 2024 жылы тіркелді.
- Тартылған капитал (борыштық және акционерлік): биржа іске қосылған сәттен бастап $7,0 млрд, соның $2,3 миллиарды 2024 жылы тартылған.
- Сауда көлемі: жалпы айналым 2023 жылғы $582 млн-нан 2024 жылы $1,3 млрд-қа дейін екі еседен астам өсті.
- Нарық қатысушылары: Қазақстан, Қытай, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінің брокерлерін қоса алғанда 53 сауда мүшесі, олардың 19-ы 2024 жылы қосылды. Он жаһандық кастодианның AIX Орталық бағалы қағаздар депозитарийінде (AIX CSD) қосалқы шоттары бар.
- Инвесторлар: AIX CSD-де (депозитарий) қазақстандық бөлшек инвесторлардың 1,9 млн-нан астам шоты ашылған, бұл 2023 жылғы 1,5 млн-мен салыстырғанда едәуір көп.
Сауда-саттыққа шолу
Акциялармен сауда-саттық көлемі $495 млн құрады, бұл ретте айналымның 80%-дан астамы үш құралға шоғырланған:
- Solidcore Resources: акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 52%.
- Air Astana: 19%.
- Қазатомөнеркәсіп: 9%.
Жыл соңына дейін жалпы сауда-саттықтың 62%-ын құраған борыш құралдары үстемдігін жалғастырды (2023 жылғы 78%-бен салыстырғанда). Құрылымдалған өнімдермен сауда-саттығы $2млн-ға. жетті.
Блоктық сауда (шарттық мәмілелер) Solidcore Resources plc. және Air Astana акциялары, сондай-ақ Қара теңіз банкінің облигациялары бойынша айрықща танымал болды, мұндай мәмілелердің жалпы саны 2024 жылы 23 болды.
AIX Qazaq Index жыл басынан бері 26%-ға өсті, бұл жалпы нарықтағы өсімнің көрінісі. Индекс құрамына KEGOC, Air Astana және Freedom Holding акциялары қосылды.
AIX-тің 2024 жылғы орналастырулары
2024 жылы листинг саны рекордтық көрсеткіш – 140-қа жетті. Эмитенттер облигацияларды орналастыруды кеңінен қолданды, өйткені компаниялар дәстүрлі капитал арналарының шектеулері аясында баламалы қаржыландыру көздерін іздеді. Өтімділікті басқару бағдарламалары листингтердің жалпы санының 40%-ын құрады.
Ислам қаржысының дамуындағы айтулы сәт болған алғашқы Қазақстандық сукук. ОныGamma-T SPC Limited шығарды. Дебюттік жергілікті сукуктың листингін қамтамасыз ете отырып, біз алуан және инклюзивті инвестициялық мүмкіндіктер туғызамыз, сонымен қатар шариғат талаптарына сәйкес келетін жаһандық нарықтармен байланысымызды нығайтамыз.
- Аймақтық эмитенттің дебюттік жасыл облигациялары. Аймақтағы орнықты инвестициялардың дамуына ықпал ету үшін Қырғызстандық алғашқы эмитент PlanDeM шығарды. Компания тіркеген жасыл облигациялар бағдарламасында болашақта әртүрлі валюталарда және әртүрлі өтеу мерзімдерімен облигациялар шығару мүмкіндігі қарастырылған.
- ҚР Қаржы министрлігінің еуробондтары. Қазақстан Қаржы министрлігі AIX және Лондон қор биржасында (LSE) қосарлы листингпен жүзеге асырған $1,5 млрд көлеміндегі шығарылым жергілікті инвесторлардың белсенді қатысуымен ерекшеленді. Номиналды құны $1,5 млрд еурооблигациялардың жылдық купондық мөлшерлемесі 4,714%. AIX-тегі өтінімдер көлемі $322 млн құрады, аллокация нәтижесінде AIX инвесторлары $189,37 млн. сомасына еурооблигациялар алды.
Жаңа өнімдер мен қызметтер
- Жаңартылатын энергия сертификаттары (I-REC). Орнықты энергетика саласындағы бастамаларды қолдау үшін 2024 жылдың қыркүйегінде AIX өнімдерінің қатарына енгізілді. I-REC сертификаты энергияның жаңартылатын көздерден алынғанын және 1 МВт*сағ таза электр энергиясына сәйкес келетінін растайды. I-REC сертификаттары сияқты өнімдерді қор нарығының классикалық құралдарымен қатар ұсыну арқылы біз компанияларға қаржылық тиімділікті сақтай отырып, экологиялық мақсаттарына жетуіге көмектесеміз.
- WFE «жасыл» акциялары қағидаттары. AIX Дүниежүзілік биржалар федерациясының стандарттарын енгізіп, «жасыл» эмитенттердің белсенділігін жақсартты және экологиялық таза инвесторларға қолдау көрсетті. AIX-тің «жасыл» акциялар бойынша қағидаттарын ұстанып, ұсынымдарына сүйену эмитенттерге экологиялық орнықтылыққа артып келе жатқан назарды пайдаланып, «жасыл» бизнес ретінде өз беделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
- Қорлар желісін кеңейту. Exempt қорлардың қосылуы және Орталық Азиядағы алғашқы жария саудаланатын ETF-тің орналастырылуы. Бұл құралдарды кәсіби инвесторлар AIX негізгі нарығында сатып ала алады.
- Еркін айналым шегін төмендету (free-float). 25%-дан 10%-ға дейін төмендеді, бұл эмитенттердің нарыққа қолжетімділігін жеңілдетеді және өтімділікті жақсартады.
- Бағалы қағаздарды сақтаудың кеңейтілген қызметтері. AIX Орталық депозитарийі (AIX CSD) Euroclear арқылы қолжетімді бекітілген кірісі бар халықаралық бағалы қағаздарға, сондай-ақ KCSD-де тіркелген құралдарға арналған сақтау қызметтерін ұсынады. Бағалы қағаздарды сақтаудың жаңа депозитарлық қызметі ICSD-де немесе жаһандық кастодианда тікелей шоты болуы үшін жеткілікті активтері жоқ шағын және орта қорларды басқарушылар мен брокер-дилерлер үшін өте қолайлы. Ол сондай-ақ бірыңғай инфрақұрылым шеңберінде AIX-тің ресми тізіміне енгізілген және/немесе басқа реттелетін нарықтарда сатылатын барлық бағалы қағаздарды басқарудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
- AIX Тіркеушісінің қызметі. AIX Тіркеушісі жаңа салаларды игеру арқылы өз белсендірігін арттырды. АХҚО-да тіркелген эмитенттердің құнды қағаздарынан бөлек, 26 қор AIX Registrar-ға өз пай иелерінің реестрін жүргізуді жүктеді. AIX Registrar тұрақты түрде сенімхат бойынша дауыс беру нәтижелерін тіркеп отырады, және инвесторлар мен эмитенттерге өзінің онлайн порталында жұмыс істеуге рұқсат береді.
Бөлшек инвесторлар
Жергілікті шоттар саны 2023 жылғы 1,5 миллионнан 2024 жылы 1,9 миллионға дейін өсті. Tabys қосымшасына жаңа қаржы құралдары, соның ішінде Solva Group Ltd. облигациялары қосылды. 2022 жылы қосымшада іске қосылған тікелей жазылым алғаш рет «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының IPO-сы кезінде, содан кейін KEGOC-тың SPO-сын және Air Astana-ның IPO-сын өткізу кезінде пайдаланылды.
2024 жылы Tabys мобильді қосымшасы арқылы биржалық ноталардың (ETN) сауда-саттық көлемі (сатып алу-сату) 2023 жылғы $5,4 млн-мен салыстырғанда $26,8 млн құрады; басқарудағы қаражат көлемі $6,5 млн. құрады, ал белсенді инвесторлар саны 20 мың адамға жетті.
Халықаралық ынтымақтастық
AIX Парсы шығанағы аймағындағы елдермен байланысты дамытуда және Маскат қор биржасымен нарықтың өтімділігін арттыруға және Абу-Даби қор биржасы (ADX) құрған Tabadul платформасы арқылы сауда тетіктерін оңтайландыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Tabadul платформасы биржаларға лицензияланған брокерлер арқылы бір-бірімен тікелей сауда жасауға, сондай-ақ аймақтық және жаһандық деңгейде елдер арасында инвестицияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Tabadul мүшелерінің қатарында қазір Бахрейн қор биржасы, Орталық Азия қор биржасы (Тәжікстан) және Маскат қор биржасы (Оман) бар.
2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша Freedom Finance Global және Halyk Finance сияқты қазақстандық брокерлерді Tabadul Hub растады, ал БАӘ-нің үш брокері сауда қатысушылары ретінде AIX-ке қосылды, осылайша Абу-Даби биржасы мен AIX арасындағы саудаға жол ашылды.
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz