AIX сауда мүшелері еуропалық KELER Group арқылы пост-трейдинг қызметтеріне қолжетімділікке ие болады

АХҚО биржасы (AIX) Кeler CCP және Кeler CSD (KELER Group) AIX мүшелеріне клиринг пен акциялар бойынша есеп айырысу үшін пост-трейдингтік қызметтердің толық жиынтығын ұсыну үшін таңдалғанын хабарлайды. Бұл әлемдік деңгейде таныған реттеушілік база шеңберінде халықаралық брокерлер мен инвестициялық қорлардың AIX-ке қолжетімділігін жеңілдетеді.
KELER CSD бағалы қағаздардың орталық депозитарийі және қаржы мекемесі, ал KELER CCP – лицензияланған орталық контрагент болып табылады. Екі ұйымның да 25 жылдық тәжірибесі бар, олар Орталық және Шығыс еуропа өңіріндегі 10 нарыққа тікелей байланыс пен біріздендірілген қызметтерді қамтамасыз етеді. KELER Group ұсынатын пост-трейдингтік қызметтерді Еуропалық Одақтың жетекші реттеуші мекемелері, соның ішінде Еуропалық Бағалы қағаздар және нарықтар басқармасы (ESMA) мен Magyar Nemzeti Bank (Венгрияның Орталық Банкі) мойындаған. KELER Group Еуропа нарығының инфрақұрылымын (EMIR) реттеуді және бағалы қағаздардың орталық депозитарийін (CSD-R) реттеуді қоса алғанда, Венгрия мен ЕО заңнамасы шеңберінде жұмыс істейді.

“Біздің KELER Group-пен ынтымақтастығымыз жаһандық брокерлер мен инвестициялық қорлар үшін AIX-ке оңай қолжетімділікті және шағымдарды азайтуды қамтамасыз етеді. Негізгі артықшылықтар сатушыдан сатып алушыға немесе керісінше жағдайда міндеттемелерді орталықтандырып беруді қамтиды, бұл тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ клирингтің ортақ қатысушылары мен жоғарғы деңгейдегі депозитарийлерге қолжетімділікті қамтиды. Бұдан басқа, түпкілікті есеп айырысулар ЕО юрисдикциясы шеңберінде жүргізілетін болады, бұл қосымша кепілдемелерді қамтамасыз етеді, бұл орайда инвесторлардың бағалы қағаздары  бұрынғыдай AIX CSD-де тіркелетін болады”, – деп түсіндірді AIX Басқарма Төрағасы Тим Беннетт.  

“Біз AIX нарығына қатысушылар үшін қызметімізді кеңейтіп, АХҚО биржасының өңірдегі негізгі рөліне қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз. Біздің Орталық және Шығыс еуропа аймағындағы танымал ойыншы ретіндегі қызметіміз еуропалық стандарттарға сай келуді қолдайтын болады және Астанада қаржы хабын дамытуға ықпал ететін болады. AIX-ке пост-трейдинг қызметтерін ұсыну біздің бейілділігіміздің дәлелі болып табылады және өнімді одан әрі дамытуға арналған әлеует туғызады”, – деп атап өтті Кeler CSD Басқарма Төрағасы Атилла Монус

Серіктестік 2019 жылдың күзінде реттеуші органдардың барлық қажетті рұқсаттарын алған сәттен әрекет ете бастайды деп күтілуде. Кейіннен бұл AIX-тің дистрибьюторлық желісін едәуір арттырады және халықаралық институционалдық инвесторларды қамтиды.

Сұраулар:

AIX. «Астана» халықаралық биржасы 2017 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту аясында құрылды. 2018 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы саудасын ашты.  АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және сондай-ақ,  АІХ сауда платформасын ұсынатын  NASDAQ   AIX акционерлері болып табылады. www.aix.kz

 

АХҚО. АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. 2015 жылдың желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев “Астана” халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету болып табылады.

AIFC AI assistant