Al Rayan Investment LLC АХҚО-да Al Rayan Bank банкін құру процесін бастайды
«Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелу туралы куәлік алған Al Rayan Investment-тің 100% еншілес банкі Al Rayan Bank Ислам банкі АХҚО-да Al Rayan Bank банкін құру процесін бастайды.
Банк АХҚО-дағы алғашқы толыққанды цифрлық банк болуға ниетті, ол өз қызметін ислам банкингі өнімдерін және озық финтех-өнімдерді қолдана отырып, инвестицияларды дамытуға арнамақ.
АХҚО Басқарушысы Қ. Келімбетовтың айтуынша, АХҚО-да беделді және танымал қаржы институтының болуы халықаралық бизнес-қоғамдастықтың қаржы орталығына деген сенімін көрсетеді. «Al Rayan Bank Ltd Қазақстанда және өңірде исламдық қаржы индустриясын дамытуға елеулі үлес қосады деп үміттенеміз», – деп атап өтті ол.
Адель Мустафави, Al Rayan Investment холдингтік компаниясының Masraf Al Rayan тобының Басқарма Төрағасы: «Al Rayan Investment Қазақстанды, атап айтқанда, АХҚО-ны халықаралық ілгерілеу үшін бірінші нарық ретінде таңдады. Қазақстан Орталық Азиядағы ислам қаржысының үлкен әлеуетке ие жаңа орталығына айналды. АХҚО біз үшін оңтайлы платформа, өйткені реттеуші база Катар қаржы орталығындағы сияқты халықаралық стандарттарға негізделген. Бұл біздің өнімдеріміз бен әлемдік деңгейдегі қызметтеріміздің осындай болашағы зор нарыққа шығуын жеделдетуге ықпал етуі тиіс».
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. «АХҚО туралы» Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
Al Rayan Investment LLC. Көптеген марапаттарға ие болған Al Rayan Investment LLC (Al Rayan) Дохада орналасқан және Катар қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің № 00045 лицензиясын алған жетекші исламдық инвестициялық банк болып табылады. Al Rayan “А1” рейтингі мен 29 миллиард АҚШ долларынан асатын активтері бар Катардағы көлемі жағынан екінші Masraf Al Rayan Q.P. S. ислам банкінің 100% еншілес ұйымы. Al Rayan активтерді басқару және инвестициялық банкинг қызметтерін ұсынады. Инвестициялық банкинг бағыты бойынша Al Rayan қызметтері Корпоративтік консультация беруге, M&a, бағалы қағаздар шығаруға шоғырланған, ал Al Rayan басқаруындағы активтер 1,1 млрд. АҚШ долларынан асады. Оның өнімдері жаһандық ислам бағалы қағаздары (сукук) мен жария акцияларға бағытталған. Al Rayan исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келетін әлемдегі ең ірі ETF басқарады. www.alrayaninvestment.com