Тәуелсіз аудит АХҚО-ның бес жылдағы қаржылық қызметінің оң нәтижелерін тіркеді

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО, Орталық) алаңында «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығының басқармасы үшін АХҚО – ның 2016-2021 жылдардағы қызметін бағалау қорытындылары бойынша есептің тұсаукесері өтті.

Мазмұны бойынша орталықтың 2025 жылға дейінгі даму Стратегиясының (бұдан әрі – Стратегия) барлық аспектілерін қамтитын есепті аудиторлық компаниялардың «үлкен төрттігіне» кіретін консалтинг және аудит саласындағы тәуелсіз бақылаушы Deloitte дайындады. Есепті Deloitte компаниясының ТМД бойынша бас атқарушы директоры Марк Смит ұсынды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және АХҚО актілеріне сәйкес Deloitte Орталықтың қаржылық көрсеткіштеріне, сондай-ақ АХҚО дамытуға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына талдау жүргізді.

Үздік халықаралық практикаға сәйкес дайындалған есеп АХҚО – ның оң қаржылық нәтижелерін, бюджет қаражатын игерудің нысаналы мақсатқа сәйкестігін, сондай-ақ Стратегияда қойылған тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің (бұдан әрі-KPI) орындалуын тіркеді.

Айта кетерлік, АХҚО-ның бюджеттік өтінімі жылдан жылға қысқарып келеді, ал Орталық органдары мен олардың ұйымдары, сондай-ақ АХҚО қатысушылары төлейтін салықтардың көлемі өсуде.

2022 жылға арналған бюджеттік өтінім 9,97 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 15,6% — ға аз (11,82 млрд теңге).

Бұл ретте Орталық органдары мен олардың ұйымдарынан, сондай-ақ АХҚО қатысушыларынан мемлекеттік қазынаға түсетін салықтардың көлемі 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 17 млрд теңгеден асты. 2022 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 20 млрд теңгеге жетеді және тиісінше АХҚО-ның соңғы екі жылда мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатының көлемін жабады деп күтілуде.

Сонымен қатар, АХҚО Стратегиясында қойылған KPI міндеттерді кестеден едәуір озып орындайды.

2025 жылға қарай АХҚО алаңы арқылы 10 млрд доллар шетелдік инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл ретте қазіргі уақытта АХҚО шамамен 7 млрд АҚШ долларын тартты.

Орталыққа тіркелген қатысушылар саны 2025 жылға қарай 2000-нан асуы тиіс. Бұл ретте қазірдің өзінде АХҚО алаңында 1700-ден астам компания жұмыс істейді.

АХҚО юрисдикциясының танымалдығы да аса маңызды көрсеткіш болып табылады: сот және төрелік ескертпелер 7200 – ден астам қазақстандық және шетелдік келісімшарттарға енгізілген, АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталық жиынтығында 1400-ден астам шешім шығарды.

Кеңеске қатысушылар, сондай-ақ АХҚО-ның 2021 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігімен танысты, оның барлық үш түрі бойынша қаржылық қызметтің оң нәтижелері тіркелді.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz 

 

AIFC AI assistant