«Заң диалогтары: АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығының юрисдикциясы: заң қоғамдастығы үшін артықшылықтар мен мүмкіндіктер» атты онлайн вебинар өтті

2021 жылғы 16 шілдеде «Заң диалогтары: АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығының юрисдикциясы: заң қоғамдастығы үшін артықшылықтар мен мүмкіндіктер» атты онлайн вебинар өткізілді. Іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институты және «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұйымдастырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Атқарушы директорының орынбасары, АХҚО Құқық академиясының Академиялық кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор                   И. Рогов дөңгелек үстелдің модераторы ретінде сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелді құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ. Мәми, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қ. Мусин, ҚР Әділет вице-министрі                                   А. Әмірғалиев, Абай атындағы ҚазҰПУ Директорлар кеңесінің төрағасы Ғ. Исибаева және Басқарма Төрағасы – Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, Жоғары білім саласындағы PhD докторы Д. Біләлов ашты.

Дөңгелек үстел аясында қатысушылар АХҚО-ның құқық саласында реформаларды жүргізудегі рөлін, АХҚО соты мен ХТО-да дауларды шешудің практикалық аспектілерін және АХҚО-ның қолданыстағы құқығын практикалық қолдану мәселелерін талқылады.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО міндеттері – ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету. www.aifc.kz

AIFC AI assistant