“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен Болгар қаржылық қадағалаудың комиссиясы ынтымақтастық туралы келісті

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) мен Болгар қаржылық қадағалаудың комиссиясы (FSC) Қаржы нарықтарын қадағалау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар қадағалау ақпаратымен алмасатын және капитал нарығы мен сақтандыруды қадағалау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтетін болады. Бұл екі юрисдикция арасында қаржылық қызметтерді дамыту үшін негіздемелік жағдай жасауға мүмкіндік береді. Реттеуші органдар қаржы кәсіпорындарының тиісті юрисдикцияларындағы трансшекаралық филиалдарының, өкілдіктерінің және еншілес компанияларының қызметін қадағалауды жүзеге асыруға келісті.

Бұл бас офистер мен қаржы кәсіпорындарының өз трансшекаралық филиалдары мен еншілес компанияларының қызметіне барабар және тиімді бақылауды жүзеге асыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қол қойылған құжатқа сәйкес AFSA және FSC трансшекаралық ұйымдарды шоғырландырылған негізде тұрақты қадағалауды қамтамасыз етуде бір-біріне көмектесетін болады.

AFSA бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бөбеев: Қол қойылған құжат біздің институттар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолындағы тағы бір маңызды қадам болып табылады. Ол Ақпарат және реттеу тәжірибесімен алмасу тетіктерін жетілдіру жолымен екі елдің қаржы нарықтарын дамытуға ықпал ететін болады.”

FSC төрағасы Бойко Атанасов: Меморандумға қол қойғандағы екі жақтың да мақсаты капитал нарықтарында және сақтандыру секторында трансшекаралық субъектілерді реттеу мен бақылауды жүзеге асыруда екі институттың өзара іс-қимыл тәртібін белгілеу болып табылады. Қаржылық қадағалау жөніндегі комиссия озық тәжірибе мен ақпарат алмасу мақсатында халықаралық әріптестік пен ынтымақтастық саясатын жүргізеді. Мен шын мәнінде, “Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетімен қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум тиісті нарықтарды неғұрлым тиімді қадағалау және пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау үшін алғышартқа айналады деп есептеймін.”

AIFC AI assistant