«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің актілері жария түрде тыңдалды
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – АФСА) актілері екінші рет жария түрде тыңдалды. Пікір алмасуға қазақстандық және халықаралық брокерлік компаниялардың, екінші деңгейдегі банктердің, активтерді басқарушы компаниялардың және исламдық қаржы саласындағы ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті заң консультанты Хоган Ловелспен, сондай-ақ халықаралық сарапшылар командасымен бірлесіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына іске қосылуы жоспарланған АХҚО-ның құқықтық және нормативтік базасын жасау үшін орасан зор жұмыстар атқарды», – деді АФСА-ның Бас директоры Стивен Глинн.
Екінші жария талдау барысында бизнес жүргізу қағидалары, қаражатты жымқырумен күрес және терроризмге қарсы күресті қаржыландыру, аудиториялық қағидалар, исламдық қаржы қағидалары, пруденциялық талаптар, АХҚО-да қызметін жүзеге асыратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қойылатын талаптар, кірістері корпоративтік табыс салығынан босатылатын АХҚО қатысушыларының қаржылық қызметтер тізімі және басқа да актілерді қоса алғанда бірқатар мәселелер талқыланды.
Қағидалар халықаралық стандарттарға сәйкес және әлемнің жетекші халықаралық қаржы орталықтарының тәжірибелері негізінде әзірленді. АФСА-ның Заңнамалық кеңесі қарағаннан кейін қағидалар «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің Директорлар кеңесіне бекітуге жіберіледі.
Тыңдаудың қатысушылары АФСА-мен консультация үдерісіндегі ұсыныстарға қызығушылық танытты. Комитеттің құқықтық және нормативтік базасын жақсырақ түсіну үшін 2018 жылы тұрақты негізде консультациялар өткізіп тұру туралы шешім қабылданды.
Бұған дейін, 2017 жылдың тамыз айында «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі алғашқы актілер топтамасын талқылауға ұсынған болатын, олар: қаржылық қызметтер мен нарықтар бойынша негізгі акт, лицензиялаудың жалпы қағидалары, нарықтың инфрақұрылымын құратын ұйымдардың қызметін реттеу жөніндегі қағидалар, нарықта қызметті жүзеге асыру қағидалары, сондай-ақ нарық қатысушыларын тану қағидалары. АФСА-ның Бас директоры Стивен Глинн бұл актілерді «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті зерттеп-мақұлдағанын және олар «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы мақұлдағаннан кейін күшіне енетіндігін атап өтті.
Сұраулар:
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Мемлекет басшысы 2015 жылғы 7 желтоқсанда АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты – қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
АФСА. «Астана» халықаралық қаржы орталығының Комитеті «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес заңды тұлға және жарғылық орган болып табылады. АФСА-ның негізгі мақсаты – АХҚО аумағындағы қаржы жүйесінің тұрақтылығын, сондай-ақ қаржы нарықтарының АХҚО аумағында ашықтық, әділдік және тиімділік қағидаттарымен жұмыс істеуін қамтамасыз ету.