«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Kauko International жасыл қаржы саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласты
Хельсинкиде «Жаңғырту 3.0 және ЭКСПО-2017 мұрасы: Қазақстан мен Финляндия серіктестігіне арналған жаңа перспективалар» атты Қазақстан-Фин бизнес-семинары өтті. Шарада инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мен екі ел арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қызметін таныстыру рәсіміне фин іскери қауымдастығының өкілдері үлкен қызығушылық танытты.
«АХҚО әкімшілігі» АҚ Басқарушы директоры Айдар Қазыбаевтың айтуынша, АХҚО жасыл қаржыны дамыту және Қазақстанға жасыл технологияларды енгізу бойынша бірқатар фин компанияларымен келіссөздер жүргізуді бастап кетті. А. Қазыбаев фин компаниялары АХҚО аумағында тіркелуге қызығушылық танытқанын атап өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша АХҚО және Kauko International жасыл қаржы және таза технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар жасыл қаржыландыру мен инвестицияларды дамыту мен ынталандыру жөніндегі бірлескен ұйым құру мүмкіндігін зерделеуге келісті.
Кauko International АХҚО-ны халықаралық қаржы ұйымдарында ілгерілетуге, инвестициялар тартуға және АХҚО-ның жасыл қаржының өңірлік хабы мәртебесін иеленуіне жәрдемдесуге ниетті.
Айдар Қазыбаевтың айтуынша, жасыл қаржы АХҚО-ның негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
«АХҚО-ның базасында экологиялық факторлардың ескерілуімен инвестицияларды қолдауды қамтамасыз ететін және төмен көміртекті технологиялар мен жобаларды дамытуды ынталандыратын жасыл өнімдер мен қаржыландыру қызметтерін дамытуға арналған жағдайлар жасалатын болады. Сонымен қатар, АХҚО жасыл қаржыландыру бағдарламаларын іске асыру, атап айтқанда, жасыл облигацияларды шығару үшін ашық», – деді А. Қазыбаев.
«Kauko International Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытып отыр. Біз бүкіл Орталық Азия үшін қаржылық және экономикалық мүмкіндіктерінің картасында басты орын алатын «Астана» халықаралық қаржы орталығымен уағдаласушылыққа қол жеткізудің зор келешегі бар екенін көрудеміз. Жақын арада біз АХҚО аумағында тіркелуді жоспарлап отырмыз, тіркелу салық жеңілдіктерін алуға мүмкіндік береді. Мен АХҚО жасыл қаржыны жеке стратегиялық бағыт ретінде бөлгеніне қуаныштымын және қаржы орталығы жасыл қаржы саласында өңірлік көшбасшы бола алады деп сенемін », – деп атап өтті Н.Айрола.
Сондай-ақ, тараптар жасыл қаржы саласында тәжірибе мен ақпарат алмасу, АХҚО қызметкерлері үшін фин компанияларында тренингтер және тағылымдамалар ұйымдастыру жөнінде уағдаласты.
Сұраулар:
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамасы бойынша құрылды. 2015 жылы 7 желтоқсанда мемлекет басшысы АХҚО құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның басты мақсаты халықаралық деңгейде қаржылық қызметтер орталығын қалыптастыру. АХҚО міндеттеріне мемлекет экономикасына инвестициялар тарту мақсатымен инвесторларға тартымды қаржылық орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету кіреді. www.aifc.kz
Kauko International (Финляндия). Өнеркәсіп, энергетика, инновация, жасыл технологиялар саласындағы жобаларды іске асыруға маманданған халықаралық компания. Бүгінгі таңда 22 елде 70 жылдық тарихы бар заманауи сауда үйі. Ол 100-ден астам еуропалық өндіріс компанияларын ұсынады, аяқталған және жалғасатын жобалардың берік портфелі бар.