«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы іске қосылу қарсаңында Басқарма Төрағасы мен екі жаңа басшы тағайындалғаны туралы жариялады

АХҚО биржасы (бұдан әрі – AIX) Директорлар Кеңесі мен акционерлері Басқарма Төрағасы ретінде Тимоти Беннет, Басқарма мүшесі мен бас заңгер ретінде Арман Тастанбеков және АХҚО биржасында реттеу мен бақылау саласы бойынша басшы ретінде Жан-Филипп Луванкур тағайындалғанын қуана жариялайды.  

Беннет мырза Жаңазеландиялық қор биржасының (бұдан әрі – NZX) Басқарма Төрағасы, бағалы қағаздар және деривативтер нарықтарының лицензияланған операторы болып жұмыс атқарған. Беннет мырза биржаның сауда және клирингтік жүйелерді өзгерту мен жаңғыртуды, сондай-ақ  Жаңазеландиялық қор биржасының Басқарушы қоры арқылы 23 биржалық инвестициялық қорлардың іске қосылуын қоса алғанда ұйымдастырушылық және нормативті өзгерістер орын алып жатқан кезде NZX-ты басқарды.     

Оның NZX алаңында жұмыс атқарған кезеңінде Жаңа Зеландия үкіметі экономикалық өсуінің негізгі күші ретінде елдің капитал нарықтарын одан әрі дамытуға ұмтылуымен байланысты бірқатар мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірді. Бұл баға жетпес тәжірибе, өйткені Қазақстан осыған ұқсас жекешелендіру бағдарламасына кіріспекші.

Жаңазеландиялық қор биржасына келердің алдында Беннет мырза Азиядағы Oliver Wyman және Boston Consulting Group компанияларының серіктесі болған. Оның консалтингтегі тәжірибесі Азия мен Таяу Шығыстың мемлекеттері мен олардың биржаларына арналған стратегияны әзірлеу және капитал нарығын дамыту, сондай-ақ деривативтерді, бірінші кезекте темір кенін сату нарықтарын дамытуды қамтиды.  

«Мен АХҚО шеңберінде Қазақстанның капитал нарығын дамытуға қатысатыныма өте қуаныштымын. Инвесторлардың ішкі және халықаралық сенімін қалыптастыру үшін біз AIX-ты халықаралық стандарттарға сәйкес дамытамыз және реттейміз», – деді Тимоти Беннет.

«AIX көптеген елдерде іздеу мен іріктеу үдерісін мұқият жүргізді, биржалар мен капитал нарықтарында қызмет атқарған мол халықаралық тәжірибесі бар адамды AIX-ті басқаруға шақырғанымызға өте қуаныштымыз», – деді АХҚО әкімшілігінің Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайынов.   

Арман Тастанбеков мырза халықаралық заңгер-консультант ретінде мол тәжірибеге ие, ол 17 жылдан астам жетекші халықаралық заң фирмаларында және «FTSE100» тізіміндегі компанияларға елдік кеңесші ретінде жұмыс атқарған. Тастанбеков мырзаның Қазақстан Республикасындағы және АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы заң практикасына қолжетімділігі бар. Оның заң тәжірибесі капитал нарықтарында, Қазақстанда және бүкіл аймақтағы экономиканың негізгі секторындағы бірігу және қосып алу саласына шоғырландырылған.      

«Мені осындай маңызды қызметті атқаруға тағайындау шешімі қабылданғанына өте қуаныштымын. Мен AIX қазақстандық және халықаралық эмитенттер үшін басты таңдау болу үшін АХҚО-мен және басқа да мүдделі тараптармен бірлесіп жұмыс атқаруды асыға күтемін», – деді Арман Тастанбеков.  

Жан-Филипп Луванкур NYSE Euronext, Societe Generale және Kleinwort Hambros қоса алғанда, қаржы мекемелеріндегі мол халықаралық жұмыс тәжірибесіне ие. Реттеу және бақылау бөлімінің басшысы бола тұрып, Луванкур мырза АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті бекіткен өзін өзі реттеу моделі бойынша AIX-тегі сауданың нарықтарын, эмитенттері мен қатысушыларын реттеуге жауап береді.   

«Мені АХҚО биржасына реттеу мен бақылауды басқаруға қызметке шақырғаны үшін өте қуаныштымын. Менің ең алғашқы мақсатым компаниялардың листингтен сәтті өтуі және AIX нарығында сауда фирмаларын орналасуы үшін өзімнің дағдыларым мен тәжірибемді пайдалану болып табылады. Ұзақмерзімді мақсатым – AIX шеңберінде халықаралық инвесторларды Орталық Азияға инвестициялау үшін озық алаңымен қамтамасыз ету», – деді Луванкур мырза.   

Сұраулар:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

www.aifc.kz

Astana International Exchange (AIX). 2017 жылдың қазан айында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Директорлар Кеңесі отырысының аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы» – Astana International Exchange құру туралы шешім қабылданды.

АХҚО Биржасының басты стратегиялық серіктестері – акционерлік келісім жасасқан Шанхай қор биржасы және техникалық платформасын қамтамасыз еткен Nasdaq. Шанхай қор биржасы мен NASDAQ әлемнің бүкіл биржалардың бестігіне кіретіндігін атап өту керек. AIX-тің рөлі ішкі ресурстарды жұмылдыру және шетелдік портфелдер ағымдарын тарту арқылы ішкі және өңірлік дамуды қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, Биржа іскер тәжірибелерді жақсарту жолымен тиімді басқаруға жәрдемдеседі. www.aix.kz

AIFC AI assistant