Астана жасыл қаржы жаһандық рейтингінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірінде көшбасшылықты сақтап қалды

Global Green Finance Index 12 рейтингінде Астана Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірінде көшбасшылықты сақтап қалды. Екінші орында Стамбул жайғасқан, бірақ ол жалпы рейтингте Астанадан 22 пунктке артта тұр.

Ал жалпы рейтингте Қазақстан 53-ші орынға табан тіреді.

GGFI-12 индексі тәуелсіз сарапшылар ұсынған 130 аспаптық факторларға сүйене отырып бағалау жүргізеді. Соның ішінде Дүниежүзілік банк, The Economist Intelligence Unit, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен БҰҰ сияқты беделді ұйымдар бар.

Аталған тізімде индекс онлайн сауалнамасының сұрақтарына жауап берген 773 қаржылық қызмет мамандарынан алынған 5224 қаржы орталығының бағалауы қолданылады.

Global Green Finance Index 12 бүкіл әлем бойынша 94 қаржы орталығын бағалайды. Бағалау қорытындысын осы орталықтардағы «жасыл» қаржыландырудың тереңдігі мен сапасын бағалайтын қаржы саласы мамандарының дауыстарынан шығарады.

Қазақстанда жасыл қаржыны дамытумен АХҚО жасыл қаржы орталығы айналысады. Жасыл қаржы орталығы Қазақстан мен Орталық Азиядағы экологиялық және әлеуметтік жобаларға инвестициялар тарту үшін тұрақты қаржыландыру құралдарын енгізеді және дамытады. Орталық Ұлттық экологиялық заңнамаға жасыл қаржыландыру және жасыл таксономия анықтамаларын (олар бойынша техникалық критерийлері бар жасыл жобалардың жіктеуіші) енгізді.

Рейтингке кіру, жоғарғы орынға ие болу әлеуетті инвесторлардың, тәуелсіз сарапшылардың, беделді қаржы және талдау институттарының, сондай-ақ қаржы орталығының жасыл қаржыландыру қағидаттарына бейілділігінің көрсеткіші ретінде оң әсер етеді.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. https://aifc.kz

AIFC AI assistant