«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі мен Еуропалық құқықтық технологиялар қауымдастығы LegalTech-ті дамытудағы ынтымақтастық туралы келісті
«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі мен Еуропалық құқықтық технологиялар қауымдастығы (ELTA) LegalTech-ті дамытуда ынтымақтастық туралы келісті.
Тараптар арасындағы ынтымақтастық өңірде LegalTech-тің дамуына ықпал ететін болады. Қазақстан мен Еуропаның LegalTech қауымдастықтарының өзара іс-қимылы үшін ELTA-ның Қазақстандағы Елшісі тағайындалды, ол қауымдастықтар арасындағы байланыс жасайтын тұлға болады.
АХҚОӘ Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Қосбаев: «Қазақстан мен Еуропаның заң қауымдастықтары арасындағы синергия үнемі күшейіп келеді, АХҚО мен Еуропалық Заң технологиялары қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық біздің қарым-қатынастарымызды нығайтуға жаңа серпін береді», – деді.
Еуропалық құқықтық технологиялар қауымдастығының президенті Хольгер Цшайге: «Еуропадан тыс LegalTech қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынасты кеңейту ELTA мақсаттарының бірі. Енді бізде LegalTech қоғамдастығымен, АХҚО-мен, Қазақстанмен және Орталық Азия өңірімен тікелей байланыс орнағаны біз үшін үлкен қуаныш пен құрмет», – деп атап өтті.
Анықтамалық ақпарат
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу. www.aifc.kz
Еуропалық құқықтық технологиялар қауымдастығы – бұл еуропалық сарапшылар мен құқықтық технологиялар саласындағы энтузиастардың тәуелсіз қауымдастығы, оның мақсаты Еуропада және одан тыс жерлерде құқықтық технологиялар мен құқықтық инновациялар саласындағы кең танымал және белгілі сарапшы ұйым және ақыл-ой орталығы болу. https://europe-legaltech.org