Астана қаласында АХҚО Соты мен ХТО-ның пікірталас сессиясы өтті

2024 жылдың 12 маусым күні Астана қаласында «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сотының (АХҚО Соты) Төрағасы Мэлдон Лорды Бернетт пен Халықаралық төрелік орталығының (ХТО) Төрағасы Томас Крюммельдің қатысуымен пікірталас сессиясы өтті.  

Аталған сессия барысында Мэлдон Лорды Бернетт және Томас Крюммель өздерінің кәсіби дамуы мен АХҚО Соты мен ХТО қызметіне қатысты көзқарастарын және халықаралық дауларды шешу туралы өз ойларын ортаға салды. 

«АХҚО Соты және ХТО-ның процедуралық және практикалық кезеңдері мен мерзімдері» сессиясының барысында GRATA International Қытай офисінің басшысы Гүлнұр Нұркеева мен ХТО төрешілер панелінің мүшесі Сергей Ватаев және Tukulov Kassilgov Shaikenov Disputes басқарушы серіктесі Бақыт Тұкұлов  АХҚО Соты мен ХТО-ның іс жүргізу ерекшеліктері туралы сөз қозғады.  

«Бүгінде АХҚО Сотының тренинг орталығы мен ХТО жас заңгерлер мен болашақ төрешілерді оқыту үшін тамаша мүмкіндіктер беріп отыр. Мен заңгер болған кезде заң қауымдастығы мұндай мүмкіндіктер туралы тек армандайтын.  

ХТО мен АХҚО Соты Қазақстанға инвестиция тартуда маңызды рөл атқарады, өйткені біздің институттарымыз коммерциялық дауларды экономикалық жағынан тиімді және сенімді шешуге басым бағыт береді», — деді Томас Крюммель. 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Соты – тәуелсіз заңды тұлға. Ағылшын жалпы құқығы мен халықаралық озық іс-тәжірибеге негізделген өзіндік процессуалдық нормалары бар. АХҚО Соты өз қызметін атқаруда тәуелсіз және Қазақстан Республикасы сот жүйесінің бір бөлігі болып саналмайды. Екі деңгейден тұрады: Бірінші инстанция соты, оған ұсақ даулар соты ретінде белгілі мамандандырылған бөлімше кіреді және Апелляциялық сот. АХҚО қызметі мен операцияларына байланысты туындайтын дауларға қатысты айрықша юрисдикцияға ие және АХҚО Сотының юрисдикциясын беруге жазбаша түрде тараптардың барлығы келісетін басқа даулар жағдайларындағы юрисдикцияға ие. Ол қандай да бір қылмыстық немесе әкімшілік дауларға қатысты юрисдикцияға ие емес. Іс жүргізудің ең заманауи және тиімді әдістері қолданылады. https://court.aifc.kz /

Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) – тәуелсіз заңды тұлға. Халықаралық үздік іс-тәжірибе үлгісі бойынша әзірленген өз процессуалдық нормалары бар. Оның мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетика, қаржылық қызметтер көрсету, банк ісі, ислам қаржысы, сақтандыру және зияткерлік меншік салаларын қоса, коммерциялық құқықта төрелік ету мен медиация бойынша жетекші халықаралық төрешілері бар. https://iac.aifc.kz/ 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО қызметінің негізгі бағыты – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін біріктіретін әмбебап платформа ретінде шоғырландыру. www.aifc.kzwww.aifc.kz

AIFC AI assistant