Астана Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің арасында Жасыл қаржының жаһандық индексі бойынша жетекші орнын сақтап қалды

Жасыл қаржы жаһандық индексінің (бұдан әрі – GGFI) жарияланған 11-шығарылымында «Астана» халықаралық қаржы орталығымен (бұдан әрі – АХҚО) ұсынған Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері арасында бесінші рет қатарынан бірінші орынды иеленді.

GGFI 11 құралдық факторларды құрайтын сандық деректері бар қаржы мамандарының сараптамасы бойынша әлемдегі 86 қаржы орталықтарындағы жасыл қаржыландырудың тереңдігі мен сапасына баға береді.

GGFI 11 150 құралдық факторға – сандық көрсеткіштерге, тәуелсіз қаржылық мамандардың бағалауына дүниежүзілік сауалнамаға, оның ішінде, Дүниежүзілік банк, The Economist Intelligence Unit – Economist тобының зерттеу және аналитикалық бөлімшесі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы және Біріккен Ұлттар Ұйымы, сондай-ақ қаржы орталықтарында сапалы және терең жасыл қаржыландыру ұсыныстарына негізделген. GGFI саясат пен инвестициялық шешім қабылдаушылар үшін жасыл қаржыландыруды дамытудың көрсеткіші ретінде қызмет етеді.

Қазақстанда жасыл қаржыландыруды дамытуды тұрақты қаржыландыру құралдарын әзірлейтін және енгізетін, Қазақстан мен Орталық Азиядағы экологиялық және әлеуметтік жобаларға инвестиция тартатын АХҚО Жасыл қаржы орталығы (бұдан әрі – GFC) жүзеге асырады. GFC ұлттық экологиялық заңнамаға жасыл қаржыландыру және Жасыл таксономия (экономикалық қызмет пен техникалық іріктеу критерийлеріне сәйкес келетін жобалар классификаторы) анықтамаларын енгізді.

Жалпы GGFI рейтингінде Қазақстан 2 позицияға көтеріліп, әлем бойынша 52-ші орынға тұрақтады.

Рейтингке қосылу әлеуетті инвесторлар, тәуелсіз сарапшылар, беделді қаржы және аналитикалық институттар тарапынан сенім көрсеткіші ретінде қызмет етеді, сонымен қатар қаржы орталығының жасыл қаржыландыру қағидаттарына бекім болғанының көрсеткіші болып табылады.

 

Анықтамалық ақпарат:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция болып табылады. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап алаң ретінде шоғырлану.

aifc.kz

 

АХҚО Жасыл қаржы орталығы – Қазақстан мен Орталық Азиядағы жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсаты – жасыл облигациялар және әлеуметтік облигациялар сияқты трендті қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестиция тарту.

Сонымен қатар, АХҚО Жасыл қаржы орталығы аймақтық талдау орталығы ретінде үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржыландыру және тұрақты даму саласында стратегиялық және іскерлік кеңестер береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторларға және нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындықта қолдау көрсетеді.

www.gfc.aifc.kz

 

Байланыс контактілері

Айнұр Исабаева

Баспасөз хатшысы

Тел: +7 (7172) 61 36 36

Электрондық поштасы: [email protected]

AIFC AI assistant