Әзербайжан делегациясы АХҚО қызметімен танысты
АӨСШК-нің 6-шы саммитіне қатысу үшін Қазақстан Республикасына келген Әзербайжан Республикасының делегациясы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қызметімен танысты. Делегацияны АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов қарсы алды.
Сапар барысында қонақтарға юрисдикцияның артықшылықтары, сондай-ақ АХҚО қызметінің негізгі түрлері және АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы, Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөнідегі комитеті, Жасыл қаржы орталығы, Тех Хаб, Экспат орталығы, АХҚО Биржасы және т. б. Органдары мен Ұйымдарының жұмысы ұсынылды.
Әзербайжан республикасының экономика министрі Микаил Джаббаров мырза бастаған делегация АХҚО юрисдикциясында қолданылатын жалпы құқықтың қағидаттары мен нормаларына, салықтық преференцияларға және визалық жеңілдіктерге негізделген ерекше құқықтық режиммен танысты.
Бұған дейін Қазақстандағы Төртінші Өнеркәсіптік Революцияның Үлестес Орталығы және Төртінші Өнеркәсіптік Революцияны талдау және үйлестіру орталығы (Әзербайжан) цифрлық экономика және технологияларды қолдану саласында тәжірибе алмасу, өнеркәсіптегі цифрлық шешімдер бойынша бірлескен зерттеулер мен іс-шаралар, сондай-ақ жасанды интеллект, Заттар интернеті және ұтқырлық жөніндегі бастамаларды іске асыру туралы уағдаласты.
Кездесу қорытындысы бойынша өзара қарым-қатынастарды, оның ішінде инновациялар, технологиялық әзірлемелер, финтех және венчурлік капитал саласындағы қатынастарды одан әрі нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі халықаралық форум болып табылады. АӨСШК-Азия мен жаһандық әлемдегі бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылық арасындағы тікелей байланысты түсінуге негізделген форум. Мүше мемлекеттер БҰҰ Жарғысына адалдықтарын растай отырып, Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке Азиядағы ортақ бөлінбейтін қауіпсіздікке әкелетін диалог пен ынтымақтастық арқылы қол жеткізуге болады деп санайды. https://www.s-cica.org/ru
Төртінші өнеркәсіптік революцияның еншілес орталығын (4IR) дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) АХҚО және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен (ҚР ICDIAP) бірлесіп 2021 жылдың шілдесінде іске қосты. Қазақстандағы еншілес 4PR орталығы, Tech Hub бөлігі ретінде АХҚО Индустрия 4.0 бағытын жүзеге асырады және эксклюзивті мүмкіндіктер мен ресурстарды ұсынады.