Бақытжан Сағынтаев Goldman Sachs инвестициялық банкінің өкілдерімен кездесу өткізді
Кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде банкпен ынтымақтастық орнату мәселелері, сондай-ақ, еліміздің мұнай саласында хеджерлеу құралдарын пайдалану мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында қазақстандық компанияларды жекешелендіруге халықаралық инвесторларды тарту келешегі қаралды.