АІХ-те нарықтар мен өнімдерді дамыту жөніндегі басқарушы директор тағайындалды

Astana International Exchange (бұдан әрі – AIX, Биржа) Әсел Мұқажанова нарықтар мен  өнімдерді дамыту жөніндегі бас маман лауазымына тағайындалғанын қуана хабарлайды. Ол бөлшек сауда инвесторлары, тау-кен өнеркәсібі, жария эмитенттер, белдеу және жол, өнімдер әзірлеу бөлімшелерінің жұмысы үшін жауап беретін болады және АІХ Басқармасының Төрағасына тікелей бағынады. Мұқажанова ханым сонымен қатар AIX-тің ағымдағы және стратегиялық жол картасын жүзеге асыруға өз тәжірибесін жеткізу үшін AIX Басқармасы мен Атқару комитеттеріне қосылады.

Әсел Мұқажанова бұған дейін жария эмитенттер бөлімін  басқарды, АІХ-те 2017 жылғы желтоқсаннан бастап табысты жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде Әсел өзін нәтижелерге және стратегиялық бизнес-мақсаттарға қол жеткізуге бағдарланған  кәсіби білікті маман ретінде көрсете білді.

АІХ басқармасының төрағасы Ренат Бектұров:

«АІХ-те жұмыс істеген 5 жылға жуық уақыттың ішінде Әсел Мұқажанова бірнеше ондаған эмитенттермен нәтижелі жұмыс атқарды және оларды АІХ-тегі листингке мүлтіксіз дайындап шықты, осы арқылы елімізде қор нарығының дамуына және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын  арттыруға ерекше үлес қосты. Мен Әсел жаңа лауазымда да  биіктерден көрініп, компанияның стратегиясына сәйкес жаңа үлкен жеңістерге жетеді деп сенемін».

Әсел Мұқажанова өзінің мансап жолын 1992 жылы «Тұран» банкінің  валюталық операциялар бөлімшесінде бастады. Оның қаржы / банк қызметтерін көрсету саласында 25 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар. АХҚОға/АІХ-ке келгенге дейін Әсел «Қазкоммерцбанк» АҚ Атқарушы директоры лауазымын атқарып, халықаралық банк ісі, капитал нарығы, инвесторлармен қарым-қатынас, қосылу/жұтылу және стратегия мәселелері бойынша маманданды.

Әсел Мұқажанова бірқатар маңызды мәмілер жасасуға, соның ішінде халықаралық даму институттарынан қаржыландыру тартуға, қарыздарды синдикаттауға, ІРО-ға, қорландыруға, қосылу және жұтылу бойынша мәмілелерге қатысты.

Әсел Қазақ басқару академиясында «Халықаралық бизнес» мамандығы бойынша білім алған. Лондонның және  Гарвардтың бизнес-мектептерінде басшыларға арналған оқытудан өткен.

 

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ “Белдеу және жол” бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат: www.aix.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz 

AIFC AI assistant