АХҚО-да тауарлы-биржалық қызмет құрылады және дамытылады
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілігі, ETS тауар биржасы мен биржаның негізгі акционері «Stock Holding» компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге келді.
Тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығы базасында тауар биржасы нарығын бірлесе құру мен дамыту қажеттілігіне байланысты Меморандумға қол қойды.
АХҚО базасындағы осы жұмыс аясында жұмыс тобы құрылып, оған тараптар өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар енді.
Белгілі бір тауарды тауар биржасы нарығына шығарудың дұрыстығы, талдау жұмыстары, Меморандум бойынша консультация, биржалық тауар мен тауар биржасына байланысты қазіргі қазақстандық заңнаманы бағалау – осы және өзге де сұрақтар жұмыс тобы отырыстарында талқыланбақ.
Тауар биржасы нарығы АХҚО базасында қазақстандық экспорттаушыларды қолдау мен Қазақстанның тауар биржасына шетелдік сатып алушыларды тарту мақсатында тасымалдың экспортқа бағытталған биржалық тауарларды саудалауға бойынша заңнамалық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды дайындау және талқылау арқылы жасалады.
Тауар нарығы қатысушылары үшін оқыту семинарларын өткізуге қажетті инфрақұрылым құру және оқу мақсатында тестілік сауда өткізу жоспарланған.
Құжат аясындағы тиімді ынтымақтастық мақсатында даму институттарын сарапшы ретінде тартылады.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.
АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz
«Еуразия Тауар Жүйесі» тауар биржасы (ЕТЖ биржасы) – Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы тауар биржасы. Ауыл шаруашылығы өнімдері, цемент, көмір, газ және корпоративті саты алу сегментіне маманданған тауар биржалары арасындағы айналымы бойынша көшбасшы биржа.
«Еуразия Тауар Жүйесі» тауар биржасы» АҚ акционерлер құрамы: “Stock Holding” ЖШС (79%), Мәскеу биржасы ПАҚ (15%), Санкт-Петербург Халықаралық Тауар-шикізат Биржасы (5%), миноритариялар – 1%.
ЕТЖ биржалық айналымы 2019 жылы 5 ақпанда сауда басталғаннан бері ТМД елдерінде 21,6 млрд теңгеге жетті (53 млн. доллар) с момента начала торгов 5 февраля 2019 года.
Қазақстандық ұйымдастырылған тауар нарығында аталған уақыттан бері 28,7 млрд теңгенің (70 млн. доллар) саудасы жасалды.
2019 жылдың 5 ақпанында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің газдың көтерме бағасын мемлекеттік реттеуден босату бойынша кезең-кезеңімен реформа басталды.