International Trading System Limited компаниясының акционері — СПБ Биржасына байланысты ақпараттық хабарлама

Комитет жағдайды мұқият бақылауда және СПБ Биржаның санкцияға ұшырауының ITS қызметіне әсер ету деңгейін есептеу үстінде. 

Реттеуші бірінші кезекте АХҚО қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және инвесторлардың мүдделерін қорғауға басымдық береді.

Комитет Компаниямен бірлесіп Компанияның міндеттемелерін орындау үшін талап етілетін әрі қарайғы әрекеттер мен тиісті іс-шаралар жөніндегі жоспарды пысықтауда.

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы»  Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 78 елден 2200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

 «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Байланыс ақпараты:

Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

AIFC AI assistant