Eurasian Environmental Fund Еуразиялық банкпен бірлесіп өзінің алғашқы “жасыл” жобасын іске асырды

АХҚО Жасыл қаржы орталығының еншілес ұйымы Eurasian Environmental Fund (бұдан әрі – Қор) қызметкерлері Еуразиялық банкпен бірлесіп, Қазақстандағы алғашқы банктік эко-карта мен NFC-постерлердің бонустарынан жиналған қаражатқа астананы көгалдандыру бойынша алғашқы жобаны іске асырды. Жоба аясында Қор Нұр-Сұлтан қаласындағы № 91 мектеп пен Білім инновация лицейінің аумағында Анатолий Храпатый 10 және Тұрар Рысқұлов 14 мекен-жайы бойынша 20 ағаш отырғызды. Акцияға Жасыл қаржы орталығы, Қор және Еуразиялық банк қызметкерлерінен басқа осы мектептердің 11-сынып оқушылары қатысты.

Акция әлем тұрғындарының адам мен табиғат үйлесімін қалпына келтіруге ұмтылысын бағыттауға бағытталған Халықаралық Жер күніне орайластырылды. Ұйымдастырушылық қолдауды Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы көрсетті.

Ағаш отырғызу елордадағы экологиялық ортаны жақсартуға бағытталған іс-шаралар циклінің басы болғанын айта кету керек. Кез келген адам елді көгалдандыруға өз үлесін қоса алады. Ол үшін кез келген қазақстандық банктің төлем картасымен NFC-постерлер арқылы қайырымдылық жасау жеткілікті. NFC-постерлер мына мекенжайлар бойынша орналасқан: Алматы қ., Розыбакиев к-сі 247а, MEGA Almaty СОО, Алматы қ., Байтұрсынов к-сі 50/52, «Еуразиялық банк» АҚ ғимараты және Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55/16, С3.1 блогы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының кеңсесі.

Бұдан басқа, күн сайын жасыл акцияларға Еуразиялық банктің эко-картасын ашып және пайдалана отырып қатысуға болады: барлық транзакциялар сомасының 0,5%-ы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмыс істейтін жасыл жобаларды іске асыру үшін Қорға түседі.

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсатжасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнесконсультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

www.gfc.aifc.kz

Eurasian Environmental Fund – Eurasian Environmental fund коммерциялық емес ұйымы 2021 жылдың 13 мамырында АХҚО юрисдикциясында тіркелген. Қордың құрылтайшылары АХҚО Жасыл қаржы орталығы, Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау Қоры және Green Investment Group ЖШС болды.

Құрылған қордың қызметі 2013 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “жасыл экономикаға” көшуі тұжырымдамасының мақсаттарын және 2016 жылы ратификацияланған Париж келісімінің мақсаттарын іске асыруды қолдауға бағытталатын болады.

«Еуразиялық банк» АҚ — Қазақстанның әлеуметтік-маңызды қаржы институты, 26 жыл ішінде активтер мен меншікті капитал мөлшері бойынша тұрақты түрде қазақстандық ірі банктердің ондығына кіреді. 2021 жылы банк Қазақстандағы алғашқы қайта өңделген пластиктен жасалған төлем картасын шығарып, ESG қағидаттарын қолдайтынын жариялады. Банк бөлшек бизнес көлемі бойынша банктердің топ-5-ке кіреді, автонесиелеуде жетекші орынға ие, цифрлық банкингті белсенді дамытуда. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) агенті кепілдік берілген өтемді төлеу үшін үш рет бүкіл ел бойынша кең филиалдық желісі бар сенімді және тұрақты қаржы институты ретінде таңдады.

AIFC AI assistant