Нұр-Сұлтанда Еуразиялық зергерлік экспорттық бюро ашылады

1 шілдеде Нұр-Сұлтанда J-1 Kazakhstan халықаралық зергерлік көрме конгресінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Салтанатты ашылу рәсім еуразиялық зергерлік саладағы маңызды шара – мамыр айында ашылған ЕАЭО ортақ зергерлік нарығы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы базасында Еуразиялық зергерлік экспорттық бюроның құрылуына орайластырылған.

Бюро міндеттерінің бірі – зергерлік бұйым өндірушілері мен сатушыларын ақпараттық және консультациялық қолдау, осы салада маман дайындау, инвестор іздеу мен үшінші елдер нарығына зергерлік өнімдерді жеткізу тізбегі мен тарату желісін құру.

J-1 Kazakhstan конгресі аясындағы ашылу салтанатынан кейін «Еуразиялық зергерлік нарықтан әлемдік нарыққа. Зергерлік саланың жаһандық даму үрдісі мен ЕАЭО-ның экспорттық әлеуеті» атты панельді талқылау өтеді. Спикерлер жалпы еуразиялық зергерлік нарықтың орны мен еуразиялық зергерлік бұйымдарды дайындаудағы ынтымақтастық пен өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі туралы пікір алмасып, таңбалау мен электронды сауда мәселелері бойынша пилоттық жобаларды іске асыру жағын талқылайды. 

J-1 Kazakhstan 30 маусымда басталады. Конгресс 2 шілдеге дейін өтеді. Шара бағдарламасында саладағы алдыңғы қатарлы сарапшылардың индустриядағы маңызды мәселелер, халықаралық тәжірибе алмасу мен перспективалы бастамаларды ілгерілету туралы айтады.  J-1 Kazakhstan конгресінің толық бағдарламасы мына сілтемеде: https://kz.j-1.show/programm-congress

Ал көрме 30 маусым – 3 шілде аралығында өтеді. Көргісі келетіндерге кіру тегін. Нұр-Сұлтанға келе алмайтындар үшін конгрес серіктесі Skillbox онлайн университетімен бірлесіп тікелей трансляция ұйымдастырылады. Тегін тіркелуге сілтеме: https://eventskillbox.timepad.ru/event/1673617/.

Анықтамалық ақпарат:

«J-1 Kazakhstan» – ЕАЭО кеңістігіндегі алғашқы еуразиялық зергерлік көрме-конгрес. «J-1 Kazakhstan» барлық алдыңғы қатарлы зергерлік бұйым жасаушылардың, қымбат металл мен тастарды сатушылар мен әр елден осы саладағы сарапшылардың басын қосады.

AIFC AI assistant