Astana Finance Days 2022 аясында сарапшылар қаржы индустриясының жеделдетілген дамуындағы қаржыны жымқырумен күрестің рөлі туралы талқылады
Astana Finance Days 2022 аясында «Қаржыны жымқыруға қарсы іс шаралар: қаржы индустриясының тезірек дамуындағы артықшылықтар мен қиындықтар» атты сессия өтті. Панельдік сессияның ұйымдастырушысы АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу Комитеті (AFSA). Халықаралық және қазақстандық сарапшылар қаржыны жымқыруға қатысты салада қандай ғаламдық тенденциялар бар екендігіне шолу жасады, криптовалютамен аударымдарды бақылау ережелерін қалай сақтау қажеттігі, қаржы саласындағы өсімді жеделдетудегі қаржылық транзакциялардың ашықтығы, анонимдікті сақтау механизмдерімен күрес және өзге де мәселелерді талқылады.
Сессияның қатысушылары: АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу Комитеті Бас директорының орынбасары және реттеу мәселелері бойынша басқарушы директор Гарет Линг, қылмыстық табысты заңдастыруға қарсы және терроризмді қаржыландыруға қарсы Еуразиялық топтың атқарушы Хатшысы Сергей Тетеруков, XReg Consulting Серіктесі Эрнест Лима, «Elliptic» компаниясы азия-тынық мұхиты аймағындағы саясат бойынша бас Кеңесші Тунг Ли, Refinitiv компаниясы клиенттерінің тәуекелін талдау тобы тәуекелді басқару стратегиясы бойынша Маманы Рената Гальвао қатысты.
АХҚО, халықаралық бизнес аумағы ретінде FATF талаптарын (қаржыны жымқыруға қарсы күреске қатысты қаржылық іс-шараларды дайындау Тобы) қадағалайды, ал АХҚО-ның реттеудегі тиімді жүйесі қаржыны жымқыруға қатысты салада қаржылық қызметтерді реттеудегі халықаралық талаптарды пайдалану арқылы күресуге мүмкіндік береді.
«Қазір барлық әлемде ұйымдар бенефициарлық меншіктің ашық болуына мән береді. АХҚО ең басынан бастап өз қызметінде соңғы бенефициардың атын атап, түстеуге назар аударды, өйткені, бұл АХҚО арқылы заңсыз қаржы ағымының өтуіне тосқауыл болады. Бизнестің ашық және тәуекелсіз жұмыс істеуі халықаралық компаниялар үшін өте маңызды. АХҚО шетел компанияларының жоғарғы талаптарды сенімді түрде жүзеге асыра алатын орны» – деді AFSA бас директорының орынбасары Гаррет Линг.
Естеріңізге салсақ, қылмыстық табысты заңдастыруға қарсы және терроризмді қаржыландыруға қарсы Еуразиялық топ биыл Қаржыны жымқыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күреске Қазақстан Республикасы заңдарының техникалық сәйкес болуын өзара бағалаудың екінші жиынын өткізеді.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 64 елден 1400-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz