Fintech Hub AХҚО және Mastercard ынтымақтастық туралы уағдаласты

Астана халықаралық қаржы орталығының (AХҚО) Fintech Hub-ы және Mastercard халықаралық төлем жүйесі Қазақстан мен Орталық Азиядағы инновациялық экожүйені және қаржы нарығын дамыту бойынша бірлескен қолданыстағы қолдау және жаңа жобаларды іске қосу мақсатында ынтымақтастық туралы уағдаласты.

Тараптар қаржылық қызметтерді жетілдіру және цифрландыру, төлемдер және электрондық коммерция саласындағы қаржылық технологияларды ілгерілету, шағын және орта бизнесті цифрлық экономикаға тарту жобаларын бірлесіп әзірлеуге уағдаласты. Ынтымақтастық стартаптар мен қаржы ұйымдары үшін бірлескен іс-шаралар, білім беру бағдарламалары мен зерттеулерді өткізу, сондай-ақ азаматтар мен бизнестің ыңғайлылығын арттыру үшін төлем жүйелерін цифрландыру жөніндегі Smart City бастамаларына бағытталады.

Mastercard AХҚО Fintech Hub-тің арнайы юрисдикциясы негізінде қаржылық технологиялар, электрондық коммерция және венчурлық капитал нарығының экожүйесін дамытушы болуға ұмтылысын құптайтынын атап өтті.

Өткен жылы Mastercard әсіресе пандемия жағдайында өзекті, 2025 жылға дейін 50 миллион шағын және орта бизнесті цифрлық экономикаға қосуды мақсат ететін ғаламдық бағдарламаны жариялады. Осы бағдарламаға сәйкес Mastercard мемлекеттік сектормен және экожүйенің негізгі ойыншыларымен шағын және орта бизнестің цифрландыруын ынталандыру және кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар электрондық төлемдер мен электрондық коммерция құралдарына қол жеткізу, цифрлық төлем инфрақұрылымын құру және қазақстандық кәсіпкерлер үшін стартаптарды жеделдету бағдарламаларын қолдау алгоритмдері де әзірленетін болады.

Бұған дейін АХҚО Fintech Hub-ы ресейлік Интернет бастамаларын дамыту қорымен (ФРИИ) бірлесіп, Қазақстандағы банктер үшін бірінші финтех акселераторын іске қосылатындығы туралы жариялады. Оның мақсаты Қазақстанның жетекші қаржы корпорациялары үшін ең үздік технологиялық шешімдерді табу және енгізу. Бағдарламаның негізгі серіктесі Mastercard болды.

Mastercard-тың Қазақстандағы және Орталық Азиядағы бас директоры Рафал Трэпка: «Қазақстан экономиканы цифрландыру бойынша аймақтағы көшбасшы болуға ұмтылуда және біз бұл мақсатты қолдауға қуаныштымыз. Елде тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өмір сүру деңгейін жақсарту үшін цифрлық экожүйені дамытуға бағытталған қажетті жағдайлар жасалуда. Сондықтан біз серіктестерімізге қазақстандықтарға инновациялық өнімдер ұсынымын кеңейтетін жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға көмектескіміз келеді. Біздің ынтымақтастығымыз экономиканың барлық қатысушылары үшін неғұрлым ашық, қауіпсіз, тиімді және мөлдір ортаны қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз».

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО) –  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету. www.aifc.kz

АХҚО Финтех Хабы – бұл ғаламдық стартаптар, кәсіпкерлер, корпорациялар, инвесторлар, жетекші сала сарапшылары мен мамандары түйсетін орын. АХҚО-да  финтехтың дамуына стартаптарды, корпоративті инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен финтех саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін бағдарламалар кіреді. https://fintech.aifc.kz/

Mastercard (NYSE: MA) – төлем индустриясында жұмыс істейтін жаһандық технологиялық компания. Біздің миссиямыз – қауіпсіз, қарапайым, технологиялық және қолжетімді транзакцияларды қамтамасыз ету, барлығына және барлық жерде артықшылық беретін цифрлық экономиканы дамыту және нығайту. Қауіпсіз деректер мен желілерді қолдана отырып, серіктестік құрып, шабыттандыратын істерге сүйене отырып, біз адамдарға, қаржы институттарына, үкіметтер мен бизнеске өздерінің ең үлкен әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін инновациялар мен шешімдерді ұсынамыз. Біздің мәдениетіміз, компания ішінде және одан тыс жерде біздің жұмысымыз мораль коэффициентіне сәйкес анықталады (decency quotient, DQ). Біз 210-дан астам ел мен аумақта бизнес жүргіземіз және барлығына баға жетпес мүмкіндіктер ашатын тұрақты әлем құрамыз.

Mastercard Қазақстандағы баспасөз кеңсесі

Тел: +7 (727) 264 67 37

[email protected]

AIFC AI assistant