Freedom Finance Global PLC АХҚО Жасыл қаржы орталығының жаңа серіктесі
2022 жылғы 3 қазанда World Investor Week шеңберінде өткен бірінші ESG Investment Forum барысында АХҚО Жасыл қаржы орталығы мен Freedom Finance Global PLC арасында Ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.
Келісім шеңберінде тараптар жасыл және әлеуметтік облигациялар мен кредиттерді орналастыру, тұрақты қаржыландыру саласындағы саясатты әзірлеу, сондай-ақ орнықты даму саласындағы стратегиялық құжаттар мен саясаттарды әзірлеуді қоса алғанда, ESG қағидаттарын енгізу арқылы орнықты инвестицияларды тарту мәселелері бойынша ынтымақтасатын болады.
Сонымен қатар, Freedom Finance Global PLC Жария компаниясының президенті Тимур Турловпен кездесу барысында компанияның цифрлық өнімдерді шығару тәжірибесін ескере отырып, АХҚО Жасыл қаржы орталығының басшысы, Ұлттық ESG клубының төрағасы Айдар Қазыбаев блокчейн платформасында алғашқы цифрлық ESG облигациясын шығару мәселесін пысықтауды ұсынды. Тараптар жақын арада осы мәселені пысықтау үшін жұмыс тобын құруға келісті.
Сондай-ақ, А.Қазыбаев «Freedom Finance Global PLC» Қоғамдық компаниясының ESG клубына қосылу туралы ресми өтінішін қабылдады, ол жақын арада ESG клубының мүшелеріне ұсынылатын болады.
Анықтама:
Ұлттық ESG клубы 2022 жылғы 28 шілдеде Astana Finance Days 2022 шеңберінде құрылды және өз салаларында ESG-трансформацияның көшбасшылары болып табылатын 19 компанияны біріктірді. Бүгінгі таңда клуб құрамына 30 компания кіреді.
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz