Гендерлік теңдік және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту: АХҚО-да қаржы саласындағы әйелдер тақырыбында сараптамалық онлайн сессия өткізілді

2021 жылдың 1 шілдесінде Astana Finance Days аясында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту форумы басталды.

Қаржы секторында гендерлік теңдікті және әйелдердің қаржылық қамтылуын күшейту Форумдағы «Қаржы саласындағы әйелдер» (Women in Finance) сессиясының басты тақырыбы болды.

Сессия әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысатын жергілікті және жаһандық сарапшылардың, халықаралық қаржы институттары мен банк мекемелерінің, және кәсіпкер әйелдер кәсіптік қоғамдастықтарының басын қосты.

«Қаржы саласындағы әйелдер» сессиясының негізгі спикерлері арасында – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мадина Әбілқасымова ханым, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитаи ханым, Citi инвестициялық және корпоративтік банкінің Үкіметтер мен мемлекеттік сектордың жаһандық блогының басшысы Джули Монако ханым, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Алина Аникина ханым болды. Сессия модераты міндетін FMA мемлекеттік реформа және саясат жөніндегі аға кеңесші Гаухар Нургалиева ханым атқарды. 

Спикерлер кәсіпкер әйелдер үшін нарық мүмкіндіктерін және әйелдердің экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған халықаралық бағдарламаларды, сондай-ақ әйелдердің әлеуетін арттырумен байланысты экономикалық мүмкіндіктерді талқылады.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мадина Әбілқасымова ханым, Қазақстанның қаржы секторындағы әйелдердің рөлі тақырыбымен сессияны ашып, “Қазақстан гендерлік теңдікті өзінің стратегиялық мақсаттарының бірі ретінде анықтады, және біз бұл мәселені алға жылжыту үшін жүйелі шаралар қолданып жатырмыз”, – деп атап өтті.

“Қазақстандағы корпоративтік сектордың қазіргі құрылымындағы компанияларда әйелдердің шамамен 26% топ-менеджер қызметін атқарады. Сонымен бірге, ШОБ саласындағы барлық компаниялардың 60% -дан астамын әйелдер басқарады. Бұл басқа дамушы елдермен салыстырғанда салыстырмалы түрде жоғары көрсеткіштер.”

Панельдік сессия барысында спикерлер кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға бағытталған қаржыландыру мен оқытуға жақсы қол жетімділікті қамтамасыз етудің маңыздылығын талқылады, және Форум қатысушыларымен әйелдер үшін бизнес саласындағы халықаралық ашық білім беру бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісті.

ЕҚДБ-нің Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитаи ханым:

Astana Finance Days аясындағы әйелдердің әлемдегі және Қазақстан экономикасындағы рөлін талқылау мен үшін керемет мүмкіндік болды. ЕҚДБ-де біз тек жақсы басқарылатын, бәсекеге қабілетті, жасыл экономиканы құруға ғана емес, сонымен қатар анағұрлым инклюзивті және орнықты болуына көмектесеміз”.

AIFC AI assistant