Жасыл қаржы орталығы мен Еуразиялық даму банкі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады

«Жасыл қаржы орталығының» (АХҚО ЖҚО, Орталық) Айдар Қазыбаев Бас директоры және Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ, Банк) Николай Подгузов Басқарма Төрағасы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен стратегиялық даму жоспарларын талқыланды. Кездесу ЕАДБ алаңында өтті.

Айдар Қазыбаев Николай Подгузовты АХҚО ЖҚО-ның қызметімен, қол жеткізілген нәтижелермен және болашақ жоспарлармен таныстырды, сонымен қатар ЕАДБ Орталықтың акционері ретінде қатыса алуы мүмкін бастамалармен таныстырып шықты. Олардың ішінде халықаралық институттармен және Орталықтың бағдарламалармен бірлесіп, Жасыл және әлеуметтік жобалардың акселерациясы орталығын құру, сондай-ақ Тұрақты қаржыны субсидиялау институтының қалыптастыру мақсатында ЖҚО дамыту құзыреттерін кеңейту бастамалары бар.

А. Қазыбаев Орталық жасыл облигациялар шығару арқылы қаржыландырылатын жобаларды іске асыру бойынша Банкпен бірлескен жұмысты бастап кеткенін атап өтті. ЖҚО Бас директоры ЕАДБ тұрақты қаржыландыру саласындағы ЕАЭО-дағы жетекші банк болатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, Банктің Басқарма Төрағасына негізгі міндетіне Орталықтың стратегиялық мәселелері бойынша сараптамалық қорытынды беру жататын Жасыл қаржы жөніндегі консультативтік кеңестің құрамына кіру ұсынылды. Айдар Қазыбаев ЕАДБ басшылығына бұл бағытқа өңірде қызығушылықтың артып келе жатқанын ескере отырып, исламдық қаржыландыру құралдарын енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Өз кезегінде, ЕАДБ Басқарма Төрағасы Николай Подгузов Банк Орталық Азия өңірінде жасыл және әлеуметтік инвестициялар нарығын дамыту міндетін қойып отырғандығын, соған байланысты ол ЖҚО Бас директоры айтқан бастамаларды толығымен қолдайтынын және мақұлдайтынын, сондай-ақ Жасыл қаржы жөніндегі консультативтік кеңестің мүшесі болуға шақыруды қабылдайтынын атап айтты. Банк Басқармасының Төрағасы сонымен бірге ЕАДБ-да осы салада қажетті құзыреттілікті дамыту, сондай-ақ Орталықпен бірге кейінен акселерациялық тетікті жасау үшін жасыл жобалар пулын қалыптастыру мақсатында экологиялық және әлеуметтік жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар сонымен қатар өңірде капитал нарығын бірлесіп дамыту туралы пікір алмасты.

 

 

Анықтамалық ақпарат

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді. aifc.kz

 

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) – Ресей мен Қазақстан 2006 жылы қаңтарда қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикаларының дамуына, олардың тұрақты экономикалық өсуіне және өзара сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге жәрдемдесу мақсатында құрылған халықаралық қаржы ұйымы. ЕАДБ жарғылық капиталы 7 млрд. АҚШ долларын құрайды. Банктің қатысушы мемлекеттер – Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы.


 

AIFC AI assistant