Astana Finance Days 2022 аясында креативті индустрия мен спортқа бағытталған инвестициялар тақырыбы талқыланды

Astana Finance Days (AFD) аясында 29 маусымда Nomad City Hall ғимаратында «Инвестициялар және жаңа экономика» атты форум өткізілді.

Киноиндустрия мен блогосферадағы қаржыландыру тақырыбына арналған сессияға спикер ретінде Қазақстанның креативті индустриясының келесі өкілдері қатысты:

  • Айтөре Жолдасқали – клипмейкер, «Шекер» интернет-сериалының режиссері
  • Абылайхан Камаладин – Qamalladin Media басшысы
  • Диана Цховребова – Loud Creative Group негізін қалаушы / креативті продюсер

Айтөре Жолдасқали және Абылайхан Камаладин отандық киносфера мен блогосфера жеткілікті деңгейде қаржыландыруға ие болған уақытта халықаралық нарықта лайықты бәсекелестік жасауға қабілетті деген ойда бірікті.

Креативті сектор спикерлерінен басқа, пікірталасқа инвестициялар және активтерді басқару саласындағы сарапшылар – «SkyBridge Invest» АҚ Басқарма төрайымы Шолпан Айнабаева және АХҚО Әкімшілігінің Басқарушы директоры Данияр Кельбетов қатысты.

Сессия модераторы – АХҚО Әкімшілігінің маркетинг басшысы Мұхамедқали Тауан бірінші сессияны: «АХҚО-да креативті индустрияның жергілікті өкілдеріне шетелдік инвестицияларды тартуды жеңілдететін жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, АХҚО юрисдикциясы мәмілелерді ыңғайлы түрде құрылымдауға мүмкіндік береді» – деген сөздермен қорытындылады.

«Инвестициялар және жаңа экономика: Спорт. Жаңа инвестицияландыру жолдары» атты сессияда танымал футболшы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Давид Лория, сондай-ақ, венчурлық инвестор, Дінмұхаммед Сыздықов спорт индустриясына және спортпен байланысты IT жобаларға инвестициялау мүмкіндіктері жайлы баяндады.

Аталмыш сессия аясында АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Айдар Қазыбаев «Жеңіс» ФК-і мен АХҚО Жасыл қаржы орталығы арасындағы футбол клубын корпоративтік басқаруға ESG стандарттарын енгізу бойынша бірлескен жобаны таныстырды.

Сессиялар арасындағы үзіліс кезінде Nomad City Hall ғимаратының алдында форум серіктесі – Red Bull компаниясының диджейлері мен шоу-бағдарламасы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, форум қолдаушы компаниялардын қатарына MYD production, Zebra Coffee, 2GIS, Argymaq және Yandex Go кірді.

Astana Finance Days 2022 бас демеушісі – Eurasian Resources Group (ERG).

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz

 

 

AIFC AI assistant