Қазақстан мен Әзірбайжан Төртінші өнеркәсіптік революцияның инновацияларын бірлесіп дамыту туралы келісті

Қазақстандағы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) Төртінші өнеркәсіптік революцияның үлестес орталығы (4ӨР) (C4IR Қазақстан) және Төртінші өнеркәсіптік революцияны талдау және үйлестіру орталығы (C4IR Әзірбайжан) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

C4IR Қазақстан және C4IR Әзірбайжан цифрлық экономика және 4ӨР технологияларын қолдану саласында тәжірибе алмасу, өнеркәсіпте цифрлық шешімдер бойынша бірлескен зерттеулер мен іс-шаралар, сондай-ақ жасанды интеллект, Заттар интернеті және ұтқырлық жөніндегі бастамаларды іске асыру туралы келісті.

«Қазақстандағы 4ӨР үлестес орталығы халықаралық тәжірибелер мен білім базаларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Әзірбайжан C4IR-мен ынтымақтастық цифрлық экономика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті АХҚО Tech Hub Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Қалиев.

Құжатқа қол қоюға C4IR Әзірбайжан атқарушы директоры Тамерлан Тагиев, C4IR Әзірбайжан цифрлық экономика бөлімінің меңгерушісі Джавид Абдуллаев, Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің кеңесшісі Ровшан Кязимов және АХҚО Tech Hub Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Қалиев қатысты.

Сонымен қатар, тараптар финтех пен венчурлік капитал саласындағы өзара ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz

АХҚО Tech Hub – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеті – Қазақстанда стартап экожүйесін, венчурлік индустрия нарығын, электронды коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech, GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0. және т.б.) дамытуға көмектесу. Халықаралық серіктестермен бірге Tech Hub нарық ойыншыларына қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізеді, венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және АХҚО юрисдикциясының реттеушісі аясында жаңа финтех шешімдерін сынауға жәрдемдеседі. www.tech.aifc.kz

Төртінші өнеркәсіптік революциясының Қазақстандағы Аффилденген орталығы Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) АХҚО және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп 2021 жылғы шілдеде іске қосты. АХҚО Tech Hub Қазақстандағы 4 өнеркәсіптік революцияның аффилиирленген орталығы 2021 жылғы шілдеде іске қосылды және 2021 жылғы қыркүйекте жұмыс істей бастады және ол айрықша мүмкіндіктер мен ресурстарды ұсынады.

AIFC AI assistant